Нуржігіт Алтынбеков
2)
Алдыңғы құлақ тармақтары, rami auriculares anteriores – құлақ қалқанының
шеміршегіне, терісіне;
3)
Дабыл жарғағының тармақтары, rami membranae tympani – дабыл жарғағына;
4)
Беткей самай тармақтар, rami temporalis superficiales – самай аймағының терісіне
5)
Құлақ түйініне дәнекер тармақтар, rami communicantes cum ganglion oticum –
транзитпен құлақ түйіні арқылы өтіп шықшыт тармақтары, rami parotidei, түрінде
шықшыт безіне барады.
Шықшыт
тармақтарының
құрамында
сезімтал
талшықтардан
басқа
парасимпатикалық постганглионарлық (секреттік) талшықтар бар. Парасимпатикалық
постганглионарлық талшықтар құлақ түйініне, тіл жұтқыншақ нервінің (ІХ-жұп) төменгі
сілекей бөлетін ядросының нейрондарынан шығып кіші тастық нерв құрамында жетеді.
Әкететін нерв (VІ)
Әкететін нерв, n.abducens- VІ жұп нерві, қозғалтқыш, ол ми көпірінде орналасқан
қозғалтқыш ядроның, nucleus n.abducens нейрондарының аксондарынан түзілген. Нерв
миден көпір мен сопақша ми пирамидасының арасындағы көлденең жүлге арқылы
шығады да көзұяға бағыт алады. Нерв мидің қатты қабығын тесіп өтіп, үңгірлі қойнау
ішінде тікелей веналық қан ортасында ішкі ұйқы артериясымен қатар орналасады.
Әкететін нерв көзұяға көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы кіреді, латералді жаққа
ауытқып да көз алманың латеральді тік бұлшықетін невртендіреді.
Бет нерві (VІІ)
Бет нерві, n.facialis – бассүйектің VІІ-жұп нерві, сезімтал, қозғалтқыш және
парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Қозғалтқыш талшықтары, ми көпірінің
тереңінде, бет төмпешігінің астында орналасқан қозғалтқыш ядроның аксондарынан
құралған. Сезімтал талшықтар, бет өзегінің иіліміндегі сезімтал иін түйінінің, ganglion
geniculi, псевдоуниполярлы жасушаларының орталық өсінділерінен түзілген. Көпірде
сезімтал талшықтар жеке жол ядросында, nucl.solitarius бітеді. Бет нервінің
парасимпатикалық преганглионарлық талшықтары ми көпірінің жамылғысында жатқан
екі парасимпатикалық (секреттік) ядролардан: жоғарғы сілекей бөлетін ядро,
nucl.salivatorius superior көзжас ядросынан nucl. lacrimalis, басталады. Бет нерві миден
VІІІ жұптан ішке, көпір-мишық бұрышынан шығады. Топографиялық бет нервінің үш
бөлігін ажыратады: беттік өзекке кіргенге дейін, беттік өзекте, беттік өзектен шыққаннан
кейін.
298
Достарыңызбен бөлісу: |