Бет нерві анатомиясы,қызметі, зақымдану белгісі,зерттеу әдісі. N. facialis (n. intermedio facialis), бет нерві - аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшықеттерді-барлық мимикалық (бет қимылы) және тіласты бұлшықеттерінің бір бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті (қозғалыс) талшықтары мен сол бұлшықеттердің рецепторларынан шығатын эфферентті (проприоцептивті) талшықтар болады. Сондай-ақ оның құрамында аралық, n. intermedius, нервке жататын дәм сезу (афферентті) және секреттік (эфферентті) да бар.
Құраушы бөліктеріне сәйкес n. facialis-тің көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс ядросы-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секреттік ядросы - nucleus salivatorius superius. Соңғы екі ядро nervus intermedius-ке жатады

Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, linea trigeminofacialis-тен шығады. Содан кейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без өзегіне canalis facialis енеді. Нерв өзекте алдвмен горизонтальды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқы қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum арқыл бассүйектен шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі (тізешік-geniculum). Оның сезімтал (дәм сезу) бөлігі кішкене нерв түйіншесін - ganglion geniculi (тізешік түйінін) түзеді. Бет нерві foramen stylomastodeum-нен шыққаннан кейін шықшыт безі қабатына еніп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.