Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет294/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
табылатын таяқшалар мен сауытшалардан түзілген. Олар жарықты нервтік импульске 
айналдырады. Нервтік импульс екінші – биполярлық нейрондарға, олардан үшінші – 
мультиполярлық (ганглионарлық) нейрондарға беріледі. Мультиполярлық нейрондардың 
орталық өсінділері (аксондары) соқыр дақ аймағында бір-бірімен қосылып 
көру нервісін, 
n.opticus, 
құрайды. Көру нерві көзұядан 
көру өзегі 
арқылы шығып, мидың негізінде, қарсы 
жақтың нервісімен 
көру қиылысын, chiasma opticum
, түзеді. Бұл жерде торлы қабықтың 
медиалды жартыларынан шығытын нерв талшықтары ғана қиылысады. Көру қиылысы 
көру жолына, tractus opticus, 
жалғасады. Көру жолының құрамында, өз жағындағы көз 
алмасының торлы қабығының латералды жартысынан, екінші жақтағы көздің торлы 
қабығының медиалды жартысынан шығатын нерв талшықтары өтеді. Яғни, оң жақтағы 
көру жолы нервтік импульсті – оң жақтағы көздің оң жақ (латералды) жартысынан, сол 
жақтағы көздің де оң жақ (медиалды) жартысынан өткізеді. Көру жолының талшықтары 
үш қыртыс астылық көру орталықтарында
: латералды иінді денеде, таламустың артқы 
ядроларында (жастығында) 
және ортаңғы мидың 
жоғарғы төбешіктерінде 
аяқталады. 
Латералды иінді дене мен жастық нейрондарының орталық өсінділері 
ішкі 
қапшықтың 
артқы аяқшасы арқылы өтіп, жан - жаққа шашырай 
көру тарамдарын 
(cәулесін), radiatio optica, 
түзеді. Олар шүйделік үлестің медиалды бетіндегі 
топшылық 
жүлгенің 
түбіндегі және жиектеріндегі сұр затта орналасқан, 
қыртыстық көру 
орталығында 
аяқталады. 
Қарашық рефлексі. 
Ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктері ядроларының аксондары 
өз жағындағы және қарсы жақтағы көз қозғалтқыш нервтің парасимпатикалық 
қосымша 
ядросында 
(Якубович ядросында) және III, IV, VI жұп бассүйек нервтерінің қозғалтқыш 
ядроларында аяқталады. Қосымша ядроның аксондары 
түйінгедейінгі тармақтар, rami 
preganglionares, 
түрінде көзқозғалтқыш нервтің құрамында 
кірпікті түйінге, ganglion 
ciliare, 
келеді. Бұл түйінде екінші парасимпатикалық нейрондар орналасқан. Олардың 
түйінненкейінгі тармақтары, rami postganglionares, 
кірпікті бұлшықетті және 
қарашықты тарылтатын бұлшықетті парасимпатикалық (
қысқа кірпіктік нервтер, 
nn.ciliares breves, 
құрамында өтеді) нервтендіреді. Кірпікті бұлшықет көзбұршақтың 
дөңестігін өзгерту арқылы аккомодацияны (көздің анық көруін) қамтамасыз етеді. 
Симпатикалық сабаудың мойындық жоғарғы түйінінен шығатын 
түйінненкейінгі 
тармақтар 
ішкі ұйқы артериясының, одан кейін көз артериясының өрімдерінің 
құрамында көз алмасына келіп, 
қарашықты кеңейтетін бұлшықетті, m.dilatator pupillae

нервтендіреді. Жарық көп түскенде қарашық тарылады, қараңғыда кеңейеді, қарашықтың 
жарықтың мөлшеріне жауабы-
қарашық рефлексі 
деп аталады. 
Жоғарғы төбешік нейрондарының III,IV және VI жұп бассүйек нервтерінің 
қозғалтқыш ядроларымен байланысы көз алмасы бұлшықеттерінің экстрапирамидалық 
нервтенуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жоғарғы төбешік нейрондарынан 
төбе- 
жұлындық жол, tractus tectospinalis
, басталады, ол, жұлынның алдыңғы мүйізінде 
орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады. Кенеттен жарық әсер еткен кезде бұл 


328 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет