Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет67/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
синовиалық жарғағының екінші өсіндісі 
жауырынасты бұлшықетінің сіңіріастылық 
қабын, bursa subtendinea m.subscapularis, 
түзеді. Жиі жағдайда буын мен аталған 
қаптың қуыстары өзара жалғасып жатады. 
Иық буынында: 1) фронталды білік айналасында – бүгу және жазу; 2) сагитталды 
білік бойынша – әкелу және әкету (горизонталды деңгейге дейін, одан жоғары 
көтерілуге 
lig. coracoacromiale 
мүмкіндік бермейді, қолдың горизонталды деңгейден 
жоғары көтерілуі төс-бұғана буынында іске асады); 3) вертикалды білік айналасында – 
ішке және сыртқа айналу; 4) шеңберлік қозғалыстар іске асады. 
Иық буынының қозғалмалы және байламдарының аз болуына байланысты қолдың осы 
буында шығуы жиі байқалады. 
Шынтақ буыны 
 
 
Шынтақ буыны
, articulatio cubiti, 
үш сүйектен түзілген күрделі буын, оны тоқпан, 
шынтақ және кәрі жіліктер құрайды. Олар ортақ қапшықпен құралған үш: тоқпан- 
шынтақ жілік, тоқпан-кәрі жілік және проксималды шынтақ-кәрі жілік буындарын 
түзеді. 
Тоқпан-шынтақ жілік буыны, articulatio humeroulnaris, 
тоқпан жілік шығыршығы 
мен шынтақ жіліктің шығыршықтық тілігі арқылы құралған. Шығыршықтағы 
сагитталды бағытта қиғаш орналасқан жүлге шығыршықтың орталық сызығынан аздап 
медиалды жаққа ауытқыған винттәрізді қозғалысқа себеп болады. Буын пішіні 
бойынша шығыршықтәрізді, бір білікті буын. Қимыл фронталды білік айналасында 
(бүгу және жазу) жүзеге асады. 
Тоқпан-кәрі 
жілік 
буынын, 
articulatio 
humeroradialis, 
тоқпан 
жілік 
шығыршығының басы мен кәрі жілік басының буындық шұңқыры құрайды. Пішіні 
бойынша шартәрізді, көп білікті буын. 
Проксималды кәрі-шынтақ жілік буыны, articulatio radioulnaris proximalis, 
кәрі 
жіліктің буындық айналмасы мен шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігі арқылы түзілген. 
Пішіні цилиндртәрізді, бір білікті буын. Қимыл вертикалды білік бойынша (пронация 
және супинация) іске асады. Бұл буындағы қозғалыс тоқпан-кәрі жілік буынындағы 
қозғалыспен бірге жүреді. 
Шынтақ буынының қапшығы тоқпан жіліктің дисталды эпифизінің алдыңғы 
бетінде, 
fossa coronoidea 
және 
fossa radialis
-тің жоғарғы жағына бекиді, яғни аталған 


100 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет