Нуржігіт Алтынбеков
Кіші жамбастың бүйір қабырғасында шонданайлық үлкен және кіші тесіктер
орналасқан.
Үлкен тесікті, foramen ischiadicum majus,
сегізкөз-қылқандық байлам мен
шонданайлық үлкен тілік шектеп тұрады.
Шонданайлық кіші тесік, foramen ischiadicum
minus,
сегізкөз-төмпелік, сегізкөз-қылқандық байламдар мен шонданайлық кіші тіліктің
арасында орналасқан. Бұл тесіктер арқылы жамбас қуысынан бөксе аймағына
бұлшықеттер, тамырлар және нервтер өтеді.
Адамның вертикалды тұрған қалпында жамбас алдыға және төмен қарай еңкейіп
тұрады. Оның жоғарғы тесігі горизонталды жазықтықпен өткір бұрыш түзеді.
Әйелдерде бұл бұрыш 55-60°, еркектерде 50-55° құрайды. Жамбастың еңкею деңгейі
бір адамның өзінде, оның денесінің орналасу қалпына байланысты (әскери қалып,
дененің вертикалды еркін орналасуы, отырған, жатқан және т.б. қалыптары) әртүрлі
болады.
Жамбас құрылымының жыныстық ерекшеліктері.
Әйелдердің жамбасы кеңдеу
және аласалау; мықын сүйегінің қырлары мен қылқандарының арақашықтығы ерлерге
қарағанда үлкен; еркектермен салыстырғанда мүйісі алдыға аздап қана шығып тұрады.
Еркектердің жамбас кірісінің пішіні сопақтау, ал әйелдерде еркектерге қарағанда
дөңгелектеу болып келеді. Әйелдердің сегізкөзі кеңдеу және қысқа, шонданайлық
төмпелері сыртқа қарай бұрылыңқырап тұрады, сондықтан жамбастың шығатын
тесігінің көлденең мөлшері 1-2 см үлкен болады. Әйелдер жамбасының симфизі кеңдеу
және қысқалау болады. Қасаға сүйектің төменгі тармақтарының түйісу бұрышы
әйелдерде үлкен - 90° шамасында болады да, ол –
қасағалық доға
, ал еркектерде –
қасағаастылық бұрыш
(70-75°) деп аталады. Кіші жамбастың қуысы әйелдерде кеңдеу,
ал еркектерде тарлау болады.
Акушерияда әйелдер жамбасының орташа мөлшерлерін білудің маңызы зор. Кіші
жамбастың алдыңғы-артқы мөлшерін
конъюгаталар, conjugatae,
деп атайды. Кіші
жамбас кірісінің түзу мөлшері –
шынайы немесе гинекологиялық конъюгата, conjugata
vera seu conjugata gynecologia
, әдетте 10,5-11 см-ге тең, мүйіс пен қасаға симфизінің
артқы бетінің арасындағы арақашықтық.
Диагоналдық конъюгата, conjugata diagonalis, -
мүйіс пен симфиздің төменгі
жиегінің аралығындағы арақашықтық, әйелдерде қынаптық зерттеу кезінде анықталады
– мөлшері 12,5-13,0 см. Диагоналдық конъюгатадан 2 см-ді алып тастағанда шынайы
конюгата анықталады.
108
Достарыңызбен бөлісу: |