Гидравлика пәні және оның дамуының ҚЫСҚаша тарихы



Дата17.09.2024
өлшемі13,77 Kb.
#204484
Байланысты:
1 ГИДРАВЛИКА ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ


ГИДРАВЛИКА ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

Гидравлика деген пәннің аты гректің хюдор және аулос деген екі сөзінен құралған. Хюдор – су, аулос – құбыр деген мағана береді, демек гидравлика құбырлардағы суды зерттейтін ғылым, деп жорамалдауға болады. Бірақ ондай анықтама гидравликаны толық сипаттай алмайды, өйткені гидравликада жалпы сұйық заттардың тепе-теңдігі мен қозғалысына, химия технологиялық процестерде кездесетін, ашық арналардағы, гидротехникалық ғимараттардың маңындағы ағындарға, қатты денелердің өте жіңішке қуыстарымен ызалап ағатын сұйықтарға (фильтрация) қатысты мәселелер қаралады.
Гидравликада, сол сияқты, ағындардың қатты денелермен әсерлесуі, тесіктер мен қондырғы құбырлардан ағуы, еркін сорғылардың ерекшеліктері зерттеледі.
Сондықтан, гидравлика деп сұйықтардың тепе-теңдігі мен қозғалысының заңдарын зерттейтін және ол заңдарды инженерлік есептерге қолдану тәсілдерін қарастыратын пәнді атайды.
Гидравлика өте ерте дамып бастаған ғылым, өйткені адамзат жер мен мал суару, ауыз сумен мекендерді қамтамасыздандыру сияқты мәселелерге ерте назар аударған. Бірақ, ізі қалған ғылыми жазбаларды ғана ескеретін болсақ, гидравликаның даму тарихын негізгі үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең Архимедтің (287-212 жж. ж.д.дейін) «Денелердің жүзуі туралы», деген еңбегінен басталады. Бұл кезеңде (XV-ғасырға дейін) Римде, Мысырда, Индияда, Қытайда, Орта Азияда талай су тасымалдайтын және гидротехникалық ғимараттар (құбырлар, акведуктер, тоғандар, диірмендер, шығырлар, моншалар мен бассейндер) салынған.
Екінші кезең XV-XVIII ғасырларды қамтиды. Бұл уақыттарда Леонардо да Винчи (1452-1519), Галилео Галилей (1564-1642), Блез Паскаль (1623-1662), Исаак Ньютон (1642-1727) деген ғалымдар сұйықтың тепе-теңдігі, қозғалысы, сұйық денелердің үйкелісі туралы көп еңбек қалдырған. XVIII – ғасырдың аяғында Ньютон мен Лейбниц (1646-1716) дифференциалдық және интегралдық есептеу тәсілін ашып қолданып бастаған.
Сондықтан үшінші кезеңде, XVIII-XIX ғасырларда сұйықтың қозғалысына қатысты көп теориялық еңбектер жарияланған. Сұйықтардың теориялық механикасын қалыптастырғандардың арасында Эйлер (1707-1783), Лагранж (1736-1813), Даламбер (1717-1783), Даниил Бернулли (1700-1782) деген ғалымдар гидравликаның дамуына мол үлес қосқан. XVIII-XIX – ғасырларда теориялық жұмыстармен қатар тәжірибелік зерттеулер жасалып Шези (1718-1798), Вентури (1746-1822), Борда (1733-1799), Дарси (1803-1858), Гангилье (1818-1894), Куттер (1818-1888), Маннинг (1816-1887), Форхгеймер (1852-1933), Вейсбах (1806-1871), Пуазейль (1799-1869) сияқты ғалымдардың еңбектерінің арқасында біздің уақытымыздағы гидравлика қалыптасқан. XIX – ғасырдың аяғында Осборн Рейнольдс сұйықтың қозғалыс тәртіптерін ашқан, ол жұмыстарды жалғастырып Л.Прандтль XX ғасырдың бірінші жартысында турбуленттік қозғалыс тәртібін зерттеп шекаралық қабат туралы теорияның негізін дамытқан. Бұл салада көп еңбегі сіңгендер Никурадзе, Карман, Н.И.Колмогоров, С.А.Монин және т.б. ғалымдар. XX – ғасырдың бірінші жартысында Н.Е.Жуковский гидравликалық соққы теориясын ұсынған.
Н.И.Павловский, Б.А.Бахметьев, М.В.Потапов, Ц.Е.Мирцхулава, М.С.Вызго тағы басқалар ашық арналардағы ерекшеліктерін зерттеген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет