Нуржігіт Алтынбеков
Хирургиялық тұрғыдан
өкше-текше буыны
мен асық-өкше-қайықтәрізді буынның
бөлігі –
асық-қайықтәрізді буынды
,
тілерсектің көлденең буыны, articulatio tarsi
transversa,
(Шопар буыны) деп атайды. Себебі, операция кезінде осы екі буынға ортақ
айырық байламды, lig. bifurcatum,
(Шопар буынының кілті) кескен кезде екі буынның
қуысы бір-бірімен қосылады. Бұл байлам өкше сүйектің жоғарғы жиегінен басталып,
екі байламға бөлінеді, латералдысы –
өкше-текше байламы, lig. calcaneocuboideum,
текше сүйектің жоғарғы бетіне, медиалдысы –
өкше-қайықтәрізді байлам, lig.
calcaneonaviculare,
қайықтәрізді сүйекке бекиді.
Сына-қайықтәрізді буын
, articulatio cuneonavicularis,
үш сынатәрізді сүйектердің
артқы, қайықтәрізді сүйектің алдыңғы және текше сүйектің медиалды буындық
беттерінен түзілген. Буын қапшығы қатты тартылып, буындық беттердің жиектеріне
бекіген. Буынды:
сына-қайықтәрізді сыртқы және табандық байламдар, ligg.
cuneonavicularia dorsalia et plantaria; сынааралық сыртқы және табандық байламдар,
ligg. intercuneiformia dorsalia et plantaria; сынааралық сүйекаралық байламдар, ligg.
intercuneiformia interossea,
байламдары бекітіп тұрады
.
Буынның қуысы екінші
тілерсек-табан сүйек буынының қуысымен, сынатәрізді сүйектердің аралықтарындағы
саңылаулар арқылы жалғасып жатады. Буын пішіні бойынша жалпақ, аяқ басына күш
түскен кезде сүйектердің бір-біріне қатысты аздаған жылжуы іске асады (серпімділік
қызметі).
Тілерсек-табан сүйектер буындары
, articulationes tarsometatarsales,
(Лисфранк
буыны) табан сүйектерінің негіздері мен үш сынатәрізді және текше сүйектерінің
дисталды буындық беттері арқылы түзілген. Олар: 1) медиалды сынатәрізді сүйек пен
бірінші табан сүйектің аралығында; 2) аралық және латералды сынатәрізді сүйектер
мен екінші, үшінші табан сүйектерінің аралығында; 3) текше сүйек пен төртінші және
бесінші табан сүйектерінің аралығында үш жеке буындар түзеді. Осы буындардың
қапшықтары буындық беттердің жиектеріне бекиді. Байламдары:
тілерсек-табан
сүйектік сыртқы
және
табандық байламдар, ligg. tarsometatarsalia dorsalia et
plantaria,
буынның сыртқы және табандық беттерінде орналасқан; сынатәрізді және
табан сүйектерін үш
сынатәрізді-табансүйектік сүйекаралық байламдар, ligg.
cuneometatarsalia interossa,
байланыстырып тұрады. Медиалды сынатәрізді сүйекті ІІ
табан сүйекпен жалғастырып тұратын байлам Лисфранк буынының кілті болып
табылады. Тілерсек-табан сүйектері буындары пішіні бойынша жалпақ, ондағы аз
қозғалыстар аяқ басының серпімділік қызметін қамтамасыз етуге қатысады.
116
Достарыңызбен бөлісу: |