Нуржігіт Алтынбеков
Аяқ басы күмбездерінің көлемі жыныстық жетілу кезеңіне дейін дамиды. Жалпы
тұрақты ауыр салмақтың түсуіне байланысты (жұмыс жағдайына орай ұзақ тұру және
үлкен салмақтар көтеру, дене салмағының ауырлауы немесе аяқ сүйектері сынығының
кейбір түрлері және т.б.). Белсенді және енжар тартқыштар осалдағанда күмбездер
аласарып, табан жалпаяды да жалпақтабандылық пайда болады.
119
Нуржігіт Алтынбеков
ЖАЛПЫ МИОЛОГИЯ
Миология,
myologia -
бұлшықет туралы ілім.
Тұлғаның координаттық сызықтары
Кеуденің алдыңғы қабырғасында келесі координаттық сызықтарды жүргізуге болады:
А) алдыңғы орталық сызық;
Б) төстік сызық;
В) төс жанындағы сызық;
Г) бұғаналық ортаңғы сызық (ол емшектік сызықпен сәйкес келуі мүмкін)
1.
Төстік сызық, linea sternalis. Төстің бүйір жиегімен өтеді.
2.
Төс жаныныдағы сызық, linea parasternalis. Төстік сызық пен бұғаналық ортаңғы
сызық аралығымен өтетін вертикальді сызық
3.
Бұғаналық ортаңғы сызық, linea medioclavicularis. Бұғананың ортасы арқылы өтетін
вертикальді сызық. Емшектік сызық, linea mammillaris. Емшектің ортасы арқылы өтеді,
бұғаналық ортаңғы сызықпен дәл келуі мүмкін.
4.
Алдыңғы орталық сызық, linea mediana anterior. Вертикальді сызық. Адам денесінде
ортаңғы жазықтықтың алдыңғы сұлбасы болып табылады.
5.
Қолтықтың алдыңғы сызығы, linea axillaris anterior. Қолтықтың алдыңғы жиегі
арқылы өтеді.
Кеуденің және іштің беткей бұлшықеттері:
1.Үлкен кеуделік бұлшықет – m. pectoralis major
2.Кіші кеуделік бұлшықет – m. pectoralis minor
3.Бұғанаасты бұлшықеті – m. subclavius
4.Алдыңғы тісті бұлшықет – m. serratus anterior
5.Іштің тік бұлшықеті- m. rectus abdominis
6.Пирамидалық бұлшықет – m.pyramidalis
7.
Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті – m. oblliquus externus abdominis
8.
Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті – m. oblliquus internus abdominis
120
Достарыңызбен бөлісу: |