Нуржігіт Алтынбеков
буындық беттері, өкше сүйектің асықтық алдыңғы және асықтық артқы буындық
беттері, қайықтәрізді сүйектің артқы буындық беті түзеді. Буын қапшығы буындық
беттердің жиегіне бекиді. Буынды бекітетін байламдар:
асық-қайықтәрізді байлам, lig.
talonaviculare,
буынның жоғарғы жағында орналасқан жалпақ күшті байлам – асық
сүйектің мойны мен қайықтәрізді сүйекті байланыстырып тұрады.
Өкше-қайықтәрізді
табандық байлам, lig. calcaneonaviculare plantare,
өкше сүйектің
асықтық тірегінен
басталып, қайықтәрізді сүйектің табандық бетіне бекиді. Байлам асық сүйектің басын
ұстап тұрады және буындық ойысты түзуге қатысады. Байлам босап созылғанда
асықтың басы түсіп, аяқ басы жалпаяды.
Тілерсектің қойнауында (sinus tarsi),
өте
мықты, қатты керілген
асық-өкшелік сүйекаралық байлам, lig. talocalcaneum
interosseum,
орналасып, асық пен өкше сүйектерді бекітіп тұрады.
Асық-өкше-қайықтәрізді буын пішіні бойынша шартәрізді
буындарға
жатқанымен, буындағы қимыл тек сагитталды білік айналасында (әкелу, әкету) өтеді.
Бұл буындағы қозғалыс асықастылық буындағы қозғалыспен бірге жүреді, яғни екі
буын үйлесімді қызмет атқарады. Қозғалыс кезінде асық қозғалмай орнында қалады, ал
өкше және қайықтәрізді сүйектермен бірге бүкіл аяқ басы қозғалады. Әкелу кезінде аяқ
басының медиалды жиегі көтеріледі –
adductio
, сыртқы беті латералды жаққа бұрылады
–
supinatio
, яғни аддукция мен супинация бір уақытта өтеді. Әкету кезінде аяқ басының
латералды жиегі көтеріледі –
abductio
, ал сыртқа беті медиалды жаққа бұрылады –
pronatio
, бұл жағдайда да абдукция мен пронация бірге жүреді (қозғалыстың жалпы
көлемі 15-55° аралығында өтеді).
Өкше-текше буыны
, articulatio calcaneocuboidea,
өкше сүйектің текшелік
буындық беті мен текше сүйектің артқы буындық беті арқылы түзілген. Буын қапшығы
буындық беттердің жиектеріне бекіп, табандық және сыртқы байламдармен бекітілген.
Табандық ұзын байлам, lig. plantare longum,
аяқ басы байламдарының ішіндегі ең
мықтысы, өкше сүйек төмпесінің төменгі бетінен басталып, алдыға жүріп, текше
сүйектегі
sulcus tеndinis m. peronеi longi
арқылы өтіп (бұл жүлгені сүйекті-фиброзды
өзекке айналдырады), ІІ-V табан сүйектерінің негіздеріне бекиді. Бұл байламның
тереңіндегі
өкше-текшелік табандық байлам, lig. calcaneocuboideum plantare,
өкше
және текше сүйектерінің аралығында буын қапшығына жанасып жатады.
Өкше-текше буыны пішіні бойынша ертоқымтәрізді, бірақ бір білікті буын
ретінде сагитталды біліктің айналасында шектеулі қозғалады. Бұл қозғалыс
асықастылық және асық-өкше-қайықтәрізді буындармен үйлесімді жүреді.
115
Достарыңызбен бөлісу: |