Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет80/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
бекитін жерінде – 
тігінші бұлшықеттің сіңірастылық қабы, bursa subtendinea 
m.sartorii, 
жатады. Тақым бұлшықеті сіңірінің астында, буын қуысымен қатынасатын 
тақым бұлшықетінің қабы, bursa m.poplitei, 
жатады. Сіңірастылық қаптар басқа 
бұлшықеттерде де кездеседі. 
Тізе буыны айдаршықты, екі білікті, кешенді және күрделі буын. Буындағы қимыл 
фронталды және вертикалды біліктер айналасында өтеді. Фронталды білік бойынша 
бүгу және жазу қозғалыстарының жалпы ауқымы 140-160° көлемінде іске асады. Тізе 
буынын жазу кезінде сан мен сирақ бір қатарда орналасады. Бүгу кезінде жанама 
байламдар босаңсиды, осыған байланысты сирақ вертикалды білік айналасында 150° 
шамасында айналады (ротация, 15° шамасында). Ligg. cruciata ішке айналуды тежейді, 
сыртқа айналғанда босаңсиды, бірақ сыртқа айналуды ligg. collateralia тежейді. Бүгу 
және жазу қозғалыстары кезінде менисктер асықты жілікке жабысып жатады да, ортан 
жілік олардың жоғарғы бетінде қозғалады, ал айналу кезінде ортан жілік пен менисктер 
бірігіп, асықты жіліктің жоғарғы буындық бетінде жылжиды. 
Сирақ сүйектерінің қосылыстары 
 
 
Асықты жілік пен кіші жіліктің проксималды шеттері үздікті қосылыс – 
асықтыжілік-шыбық буыны
, articulatio tibiofibularis, 
арқылы байланысқан. Буынды 
асықты жіліктің кіші жіліктік буындық беті мен кіші жілік басының буындық беттері 
түзеді. Буын қапшығы қатты тартылып, буындық беттердің жиектеріне бекиді. 
Буынның байламдары: 
кіші жілік басының алдыңғы байламы

lig. capitis fibulae 
anterius, 
және 
кіші жілік басының артқы байламы, lig. capitis fibulae posterius. 
Буын 
пішіні бойынша жалпақ, көп білікті, бірақ буындық беттері көлемдерінің 
айырмашылықтарының аз болуына байланысты қозғалысы өте шектеулі буын. 
Асықты жілік пен кіші жіліктің дисталды шеттері үздіксіз – 
жілікаралық 
синдесмоз, sindesmosis tibiofibularis, 
арқылы қосылған. Синдесмозды асықты жіліктің 
кіші жіліктік тілігі мен латералды толарсақтың негізі түзеді. Байламдары: 
жілікаралық 
алдыңғы және артқы байламдар, ligg. tibiofibularia anterius et posterius. 
Кейде 
синдесмозға сирақ-асық буынының қуысы жалғасып тұрады. Бұл жағдайда 
жілікаралық төменгі буын, articulatio tibiofibularis inferior, 
түзіледі. 


113 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет