Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет77/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
құлауына кедергі болады. Байлам мықындық алдыңғы төменгі қылқаннан басталып
ұрышқаралық сызыққа бекиді. 
Қасаға-ортан жілік байламы, lig. pubofemorale, 
қасаға сүйектің жоғарғы 
тармағынан басталып, ұршықаралық сызықтың төменгі бөлігіне бекиді. 
Шонданай-ортан жілік байламы, lig. ischiofemorale, 
буынның артқы жағында 
орналасқан, шонданай сүйектің денесінің алдыңғы бетінен басталып ортан жіліктің 
ұршықтық шұңқырына бекиді. Аталған үш байлам буын қапшығымен тұтасқан. 
Дөңгелек аймақ, zona orbicularis, 
– буын қапшығының фиброзды жарғағының 
ішінде орналасады, ортан жіліктің мойнын орап өтіп, мықындық алдыңғы төменгі 
қылқанның астына бекиді. 
Ұршық буынының пішіні тостағантәрізді, көпбілікті буын. Фронталды білік 
айналасында бүгу (105-120°) және жазу (15°-қа дейін), бүгу кезінде сан алдыға, жазу 
кезінде артқа қозғалады. Сагитталды білік бойынша әкелу (35°-қа дейін) және әкету 
(75°-қа дейін) қимылдары, вертикалды білік айналасында ішке айналу (пронация) және 
сыртқа айналу (супинация) қозғалыстары (жалпы айналу көлемі 40-45° шамасында) 
және шеңбер бойынша қозғалу (циркумдукция) іске асады. 
Тіректік қызметіне байланысты ұршық буынындағы қозғалыс көлемі иық 
буынына қарағанда шектеулі, себебі: ұршық ойысы терең, яғни қосылысатын буындық 
беттер көлемінің айырмашылығы аз, байламдары жақсы дамыған және буынды күшті 
бұлшықеттер қоршап жатады. Осыған байланысты ұршық буынының шығып кетуі 
сирек кездеседі. 
Тізе буыны 
 
 
Тізе буыны
, articulatio genus, 
адам денесіндегі ең ірі және ең күрделі буын. 
Буынды ортан жіліктің екі айдаршықтарының буындық беттері мен тізе тобықтық беті, 
асықты жіліктің екі жоғарғы буындық беттері және тізе тобығының буындық беті 
құрайды. Тізе тобығы тек ортан жілікпен жанасады. Буын қапшығы бос, жалпы жұқа, 
бірақ артқы жағында қалыңдау болады. Буын қапшығы ортан жіліктің алдыңғы 
жағында буындық бетінен 1-2 см жоғары (айдаршықүсті буын қуысынан тыс қалады), 
ал артқы жағында буындық бетінінің жиегіне және асықты жілік пен тізе тобығының 
буындық беттерінің жиектеріне бекиді. 


110 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет