Нуржігіт Алтынбеков
сүйекаралық байламдар, ligg. carpometacarpalia interossea,
жатады. Бұл буындарда, қол
басының бүгілуі және жазылуы кезінде сүйектердің аздаған ығысуы болады.
Алақан сүйектік-бунақтық буындарын
, articulationes metacarpophalangeales,
I-V
алақан сүйектерінің бастары мен І- V саусақтардың проксималды бунақтарының
негіздері құрайды. Бас бармақтан басқа алақан сүйектері бастарының пішіндері
шартәрізді, проксималды бунақтардың буындық беттері эллипстәрізді. Буын екі білік
айналасында қозғалады. Фронталды білік бойынша бүгу және жазу 90° шамасында,
сагитталды білік айналасында әкелу және әкету қимылдары 45-50° көлемінде жүреді.
Екі білік айналасында шеңбер бойынша қозғалыс (циркумдукция) іске асады.
Байламдары: буындардың екі жағында,
жанама байламдар, ligg. collateralia
, алақандық
бетінде мықты
алақандық байламдар, ligg. palmaria,
өтеді. ІІ-V алақан сүйектерінің
бастарын қосатын үш
алақан сүйектік көлденең терең байламдар, ligg. metacarpeum
transversum profundum,
оларды ажырап кетуден сақтайды.
Бас бармақтың алақан сүйек-бунақтық буыны,
art. metacarpophalangealis pollicis,
пішіні бойынша шығыршықтәрізді, онда бүгу және жазу қимылдары іске асады.
Қол басының бунақаралық (аяқта бақайшақаралық) буындарын
, articulationes
metacarpophalangeales manus,
көршілес бунақтардың бастары мен негіздері түзеді. Бұл
буындар ІІ және V проксималды және ортаңғы, ортаңғы және дисталды бунақтарының
арасында орналасады. Буындардың қапшықтары бос, бүйір жақтарында
жанама
байламдар, ligg. collateralia
, алдында –
алақандық байламдар, ligg. palmaria,
жатады.
Буындар – шығыршықтәрізді, фронталды білік бойынша бунақтардың бүгілуі және
жазылуы 90°-қа дейін іске асады.
105
Достарыңызбен бөлісу: |