Г. К. Копбасарова, Ғ. Б. Телеуев


Рассмотрение вещных прав на землю



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата11.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#191051
1   2   3
Рассмотрение вещных прав на землю
как актуальную проблему земельного права
С развитием отечественного земельного законодательства растет роль изучения проблемы 
вещных прав на землю. Проблемы вещного права, выступающего в качестве объекта данного 
исследования, решаются на основе гражданского законодательства. Вещное право на землю, 
прежде всего, определяется как право владельца земли в земельном правоотношении. Определены 
признаки вещных прав на землю и понятие вещного права на землю. 
Ключевые слова: 
земля, земельный участок, вещное право на землю, правовй институт.
Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә. Назарбаев: «...жер қатынастарын жетіл-
діру, жер үлестерін заттай атауландыру, жер ді 
пайдалану құқығының кепілімен ипотекалық 
несиелендіруді дамыту, ... жердің жекеле ген 
санаттарына жеке меншікті енгізу керек» – деп 
атап көрсетті Қазақстан-2030 бағдарлама сында 
[1,45]. 
Заттық құқық (лат. jus in rem) – нысаны зат 
болып табылатын субъективтік азаматтық құқық. 
Заттық құқықты иеленуші тұлға оны қандай да 
бір іс-әрекетке, басқа міндетті тұлғалардың 
жәрдеміне жүгінбей-ақ, өз бетінше дербес 
жүзеге асырады. «Қазақстан Республикасының 
Азаматтық кодексі» бойынша, заттық құқықтар-
ға мыналар жатады: меншік құқығы, жерді 


201
issN 1563-0366
KazNU bulletin. law series. №4 (72). 2014
Г.К. Копбасарова

Ғ.Б. Телеуев
пайдалану құқығы, шаруашылықты жүргізу 
құқы ғы, мүлікті басқару құқығы. 
Мүлікке заттық құқық осы мүліктің мен-
шіктенушісі болып табылмайтын тұлғаларға 
тиесілі болуы мүмкін. Затқа меншік құқығының 
басқа тұлғаға көшуі осы мүлікке өзгедей заттық 
құқықтың тоқтатылуы үшін негіз болмайды. 
Заттық құқықтарға, заңдарда өзгеше көзделмесе 
немесе Заттық құқықтың табиғатына қайшы 
келмесе, меншік құқығы туралы нормалар 
қолданылады. Заттық құқық – абсолют құқық. 
Заттық құқық нақты міндетті адамдарға қарсы 
заңмен қорғалатын міндеттемелік құқықтан 
өзгеше түрде барлық және әрбір адамнан, яғни 
осы құқықты кез келген бұзушылардан қорға-
лады. Мұның мәнісі – нақты адамның заттық 
құқығына нұқсан келтіруден барша адам 
тежелуге міндетті, ал меншік иесінің өз кезегінде 
өзінің заттық құқығын жүзеге асыруына кедергі 
келтіретін іс-әрекеттерді тоқтатуды, бұзылған 
құқықты табиғи түрде қалпына келтіруді, яғни 
өзінің иелігінен шығып кеткен затын қайтарып 
беруді барлық және әрбір адамнан талап етуге 
құқығы бар. Мұндай талаптар «заттық құқықтық 
талаптар» деп аталады [2]. 
Қазақстандық заң ғылымында «заттық құ-
қық тар» ұғымы жиі қолданылатын, бірақ жет-
кі лікті талданбаған ұғым болып табылады. 
Себебі қолданыстағы азаматтық кодексте бұл 
ұғы мның заңи анықтамасы көрсетілмеген. Зат-
тық құқықтар кезінде рим құқығына да қарас-
тырылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін 
орнығып қалыптасқан және барлық құқықтық 
жүйелер тани қоймаған ұғым. Заттық құқықтың 
көптеген қырлары постулат ретінде ұсынылып, 
теориялық тұрғыдан тиісінше дәлелденбеген. 
Алайда кеңестік заң әдебиеттерінде ең қолайсыз 
жағдайлар қалыптасты. Мұның себебі, зат тық 
құқықтардың барлығы кеңес өкіметі жыл да-
рында азаматтық құқықтан біртіндеп ығыс-
тырылып шығарылды да, онда меншік құқығы 
ғана қалды. Сондықтан заттық құқықтар туралы 
бөлім азаматтық заңдардан шығарып тастал-
ды, ал көптеген заңгерлер табиғатта заттық 
құқықтар деген жоқ, мысалы, кепіл заттық 
құқыққа жатпайды, абсолюттық құқық ретінде 
меншік құқығы ғана бар деп дәлелдей бастады. 
Қазіргі уақытта құқықтық жағдай өзгерді. АК-
ның ii бөлімі «Меншік құқығы және өзге де 
заттық құқықтар» деп аталады, АК-ға меншік 
иелері болып табылмайтын адамдардың заттық 
құқықтарына арналған арнайы бап (195-бап) 
енгізілген, заттық құқытардың жекелеген түр-
лері реттелуде. Алайда заң әдебиеттерінде зат-
тық құқықтар ұғымы мен олардың белгілері анық 
шешілмеген. Оның үстіне, заңгерлер осы уақытқа 
дейін заттық құқықтар санаттарын бөліп көрсету 
қажеттілігіне күмән келтіреді. Сондықтан 
заттық құқықтар ұғымына және олардың белгі-
леріне толығырақ тоқталамыз. Заттық құқықтар 
ұғымы зат, мүлік құқықтық қатынастар объек-
тісі, мүліктік құқықтық қатынастар және басқа 
осы секілді ұғымдармен ажырамастай байла-
нысты; бұл оқулықта олардың бәрі толық талда-
нады. Сондықтан тек мыналарды атап өтеміз: 
заттық құқықтар мүліктік құқықтардың бір түрі 
болып табылады, зат мүліктің бір түрі ретінде 
заттық құқықтың объектісі болып табылады, 
заттар мен мүліктік игіліктер құқықтық қаты-
настар объектісі ұғымының негізі болады. 
Заттық құқық дегеніміз – заңда баянды етілген 
абсолюттік мүліктік құқық:1) объектісі – дара 
анықталған зат; 2) ерекше заттық – құқықтық 
талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен 
қорғайтын арнайы құралдары бар; 3) құқық 
иесінде барлығын немесе жеке, толық көлемде 
немесе ішінара иелену, пайдалану немесе билік 
жүргізу өкілеттігі бар; 4) құқық иесіне затқа 
тікелей ықпал ету (затқа тікелей билік жүргізу) 
мүмкіндігін береді, оның ішінде меншік иесінің 
немесе басқа заттық құқық субъектісінің 
өкілеттігін жүзеге асыруын шектеу жолымен 
мүмкіндік береді [3,246]. 
1994 жылы қабылданған Қазақстан Респуб-
ли касының Азаматтық кодексінің 195-бабында: 
«жерді пайдалану құқығы, меншік құқығымен 
қатар заттық құқықтар» болып табылатындығы 
заңдастырылды. 
Осындай негіздермен 1995 жылғы 30 тамызда 
қабылданған Қазақстан Конституциясында 
«жер ге, жер учаскесіне жекеменшік» түріндегі 
заттық құқық бекітілді. Бұл бағытта 1995 жылы 
22 желтоқсанда Қазақстан Президентінің «Жер 
туралы» заң күші бар Жарлығында тұрғын үйлер, 
өзге ғимараттар орналасқан жер учаскелеріне, 
жекеменшік және жер пайдалану құқықтары 
заңдастырылды. Өз ретімен жерге жекеменшік, 
жер пайдалану құқықтары – заттық құқықтар 
ретінде банктерге кепілге қойылатын жер құ-
қық қатынастары қалыптасты. Жерге заттық 
құқықтар нарығы қалыптасып, бизнеспен байла-
нысты: құрылыстар салу мақсатында жерлер 
жекеменшікке, пайдалану құқығына берілді. 
Жол салу, электр, байланыс желілері мен 
магистральді құбыр жолдарын тарту, сон-
дай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі 


202
ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. №4 (72). 2014
Жерге заттық құқықты Қазақстан Республикасының жер құқығының негізгі мәселесі ретінде ...
белгілейтін мемлекеттік маңызы бар басқа да 
объектілер салу, қалалар мен өзге елді мекен-
дердің бас жоспарлары, аумақты аймақтарды 
бөлу схемалары және белгіленген тәртіппен 
бекітілген өзге де қала құрылысы немесе жерге 
орналастыру құжаттамасы негізінде жерге 
заттық құқықтары негізінде, жер құқық қаты-
нас тары қалыптасты. Жерге заттық құқықтар 
– «сол мемлекетті мекендейтін халықтар, сол 
мемлекеттің егемендік құқығын жүзеге асы-
рып, сол мемлекеттің мүддесіне сай алған 
халықаралық міндеттемелерін сақтап, сол мем-
лекеттің юрисдикциясына және территориялық 
режиміне бағыныштылығын» [4,160] білдіретін 
жер құқық қатынасын заңдастырды. Осыған 
сәйкес мемлекеттің жер заңдары, жер құқық 
қатынастарын шектен шығармайтындай, сол 
мемлекеттің жерінің тұтастығын қорғайтындай 
деңгейде болуы қажет. Мәселен, 2002 жылы 
Қазақстан Парламентінің қарауына ұсынылған 
Жер кодексі жобасының 20-бабының 1-тарма-
ғында, «Қазақстан Республикасында жерге 
мемлекеттік және жеке меншік танылады және
тең дәрежеде қорғалады» – деп жазылды. 
1995 жылы 22 желтоқсанда қабылданған 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер 
туралы» заң күші бар Жарлығында мұндай 
жер құқық қатынасын кеңейтетін норма 
болған емес. Сонымен қатар, бұл ұсыныс 
Қазақстан 
Конституциясының 
6-ба бы ның 
1-тармағындағы, 
«Қазақстан 
Республика
-
сында мемлекеттік меншік пен жекеменшік 
танылады және бірдей қорғалады» – деген 
нормаға, «жерге» және «тең дәрежеде» деген 
Консти туцияда жоқ сөздерді енгізіп жер құқық 
қатынстарына тәуелді – жерге жекеменшік 
түріндегі «заттық құқықтың» қолданылу аясын 
кеңейтіп жіберді. Қазақстанның азаматтық 
құқық саласында «...жерге жекеменшіктің туын-
дауы заттық құқықтар категориясының пайда 
болуына алып келді» [3,186] – дейді профессор 
М.К. Сүлейменов. 
Сонымен, жоғары да атап көрсеткеніміздей 
қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жерге заттық 
құқық құрамына меншік құқығы, жекеменшік-
тегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы, 
және сервитут жатқызылады. Жерге мен шік 
құқығы жерді пайдалану, иелену, билік ету құ-
қығын қамтиды. Сондықтан да ол жерге заттық 
құқық жүйесінде басты орын алады. Жерге 
мен шік құқығының мазмұны мен мәнінен 
сандық әралуандылық және жерге заттық 
құқық жүйе сі анықталады. Ал өзге заттық 
құқықтар жерге меншік құқығынан туындай 
отырып, өз кезегінде салыстырмалы дербестікке 
ие болып, жерге меншік құқығын жүзеге 
асырудың әртүрлі нысандарын көрсетеді. Жерге 
шектеулі заттық құқықпен меншік құқықтың 
өзара қарым қатынастарын зерттеу, олардың 
әрқайсысына тән меншік құқығы және өзге 
де заттық құқықтардың олардың түрлерінің 
ерекшеліктеріне қарай ең оңтайлы моделін 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Заң әдебиеттерінде жерге заттық құқық 
ұғымы әртүрлі аспектіде қарастырылады. Атап 
айтқанда: объективтік құқық, субъективтік 
құқық, ерекше титул ретінде және құқықтық 
қатынас ретінде. 
Құқықтық институт ретінде жерге заттық 
құқық ол жер учаскесін қандай да бір субъектіге 
тиесілігін айқындайтын, осы құқықтың пайда 
болуының, өзгертілуінің және тоқтатылуын 
негіздейтін, көлемі мен қорғау құралдарынан 
тұратын нормалар жүйесінен тұрады. Субъек-
тивтік құқық ретіндегі меншік құқық сәйкесінше 
жер учаскесіне меншік құқығын тасушы ретінде 
жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның мүмкін 
болатын жүріс тұрысының көлемі және заң 
актілері арқылы анықталатын түр ретінде 
танылады. Жалпы қабылданған ережеге сәйкес, 
субъективтік құқық үш мүмкіндіктің бірлігін 
қамтиды. Біріншіден, құқыққа ие тұлғаның 
мүмкін болатын жүріс тұрысының көлемі және 
түрі. Екіншіден, басқа тұлғалардан сәйкесінше 
жүріс тұрысын талап ету құқығы. Үшіншіден, 
қажет болған жағдайда мемлекеттік орган 
қызметінің көмегіне жүгіну құқығы. 
Ерекше титул ретінде жерге заттық құқық 
заңды тұлғалардың жер учаскелерді қандайда 
бір заттық құқықтық тәртіпте жер учаскесін 
пайдалану, иелену және билік етуді білдіреді: 
жеке меншік құқығында, тұрақты немесе 
уақытша жер пайдалану құқығында, сервитутта. 
Жерге заттық құқықтың құқықтық қатынас 
ретіндегі сипаты ен алдымен, жерге заттық 
құқықты иеленетін тұлғаға ең алдымен жер 
құқықтық қатынастарының басқа заттық құқық 
иеленушілері қарама-қарсы тұратындығын 
білдіреді. 
Сондықтан да, заттық құқықтың мазмұнын, 
олардың заңи маңызы бар белгілерін толыққанды 
талқылау, заттық құқықты құқықтық қатынастың, 
объективті субъективті құқықты және оның 
иеленушісін жан-жақты зерттеуді талап етеді. 
Цивилистика ғылымында заттар ретінде, 
адам енбегімен жасалынған табиғи күйіндегі 


203
issN 1563-0366
KazNU bulletin. law series. №4 (72). 2014
Г.К. Копбасарова

Ғ.Б. Телеуев
сыртқы материалдық әлемнің құралдарын ай
-
тамыз, ол құралдар физикалық дене ретінде 
адам иеленуіне қолжетімді бола тұра, мүліктік 
құқықтық қатынастардың негізгі объектілері 
болып табылады. 
Әртүрлі ғылыми көзқарастарды жүйелей 
келе Л.В. Щенникова заттық құқық деп – «пәні 
нақты физикалық формада болатын заттың 
тұлғаға тиесілігін айқындайтын, белгілі бір 
уәкілеттік шеңберінде оған қатысты құқықты 
жүзеге асыратын және кез келген құқық 
бұзушылықтан қорғалатын құқық» ретінде 
анықтама келтіреді [4,78]. 
Ал з.ғ.д., Ж.Х. Косанов заттық құқық: 
«құқыққа ие тұлғаның мүддесін қанағаттандыру 
үшін оның шаруашылық билігіндегі мүлікке 
тікелей ықпал етіп жүзеге асырылатын құқық 
деп түсінеміз» деп келтіреді. 
Заңи тұрғыдан алғанда заттық құқық 
дегеніміз құқыққа ие тұлғаның өзінің затқа деген 
құқығын, өзге тұлғалардың оңтайлы әрекетіне 
қарамастан жүзеге асырылуға мүмкіндік беретін 
нормлардың жүйесі. 
Заттық құқық ең алдымен құқыққа ие тұлғаға 
мүлікке иеленудің заңи мүмкіндігін және оны 
қолдануды қандайда бір өзге тұлғарардан 
тәуелсіз жүзеге асыруға бағытталған. 
Заң ғылымында заттық құқық ұғымына 
ұсынған анықтамаларды саралай келе, Х. Ко-
санов заттық құқықтың мынандай белгілерін 
ұсынады. 
Біріншіден, заттық құқықтар тікелей затқа 
билік ету сипатына ие және тұлғаның затқа 
деген тікелей қатынасын заңи рәсімдейді, осы 
арқылы ол өзінің мүдделерін басқа тұлғалардың 
еркінен тыс жүзеге асырады. 
Екіншіден, заттық құқықтың заңи табиғатын 
көптеген авторлар оның абсолюттік сипатымен 
анықтайды. 
Үшіншіден, заттық құқықтардың абсолюттік 
сипаты заттық құқық тық талаптардың көмегімен, 
кез келген субъект құқық бұзушы болуы мүмкін 
болғандықтан азаматтық құқықтық қорғалуын 
көрсетеді. 
Төртіншіден, заттық құқықтың объектісі 
болып тек жекеленген нақты мүліктер ғана 
болатынын ескере отырып,осындай заттардың 
жойылуы оларға қатысты заттық құқықтың 
тоқтатылғанын білдіреді. 
Заттық құқықтың осындай құқықтың 
маз мұны жөнінде хабардар болуы тиіс бар-
лық үшінші тұлғалардың назарына қатысты, 
абсолюттік белгісіне қарай отырып, заңнамалық 
актіде заттық құқықтың және оның мазмұнының 
тізімі келтірілуі тиіс. 
Заттық құқықтың абсолюттілік сипатына 
қарай көлемі мен мазмұнын анықтау жеке 
тұлғаның құзыретіне берілмеуі тиіс, керісінше 
ол тек мемлекеттің ерекше құзыретіне жатқы-
зылуы керек. Тек оның қатысушыларының 
баста масымен ғана емес, сонымен қатар мемле-
кеттің де дербес оның мазмұнын анықтау мүм-
кіндігі болуы керек. 
Осыдан туындайтын қажеттілік заттық құ-
қық тардың барлық түрлерін заңнамалық бекіту 
және олардың нақты мазмұндарын регламенттеу, 
сонымен қатар тек заңнамаға өзгеріс енгізу арқы-
лы ғана өзгертуге болатын заттық құқықтарың 
жабық тізімі. Осыған байланысты, заттық құ-
қық тардың түрлері имеративті қатаң түрде 
заң актілері арқылы анықтала отырып, жаңа 
беймәлім заттық құқықтардың және олардың 
мазмұнынын болуының алдын алады. 
Заңи әдебиеттерде заттық құқықтың мынан-
дай белгілерін атап көрсетеміз:
– заттық құқық ол мүліктік құқық болып 
табылады;
– заттық құқық заң актілерімен белгіленуі тиіс;
– заттық құқық құқық иеленушіге мүлікке 
қатысты иелену пайдалану және билік ету 
құқықтарын береді;
– заттық құқыққа мүлікке қатысты болады;
– заттық құқыққа басымдық ету құқығы тән;
– мүлікке тікелей ықпал ету мүмкіндігі.
Көріп отырғанымыздай, заттық құқықтар 
белгілерінің ішіндегі жеке дараланған заттармен 
байланыстылығы белгісі тек заттық құқықтарға 
тән белгі. Ал өзге белгілер барлық құқықтарда 
болады тек, кейбір құқықтарда ерекше көрініс 
алған, кейбір құқықтарда басым төмен сипатта 
болады. 
Қолданыстағы жер заңнамасын талдай келе, 
заттық құқық жүйесі келесі қағидалар мен ере-
желер негізінде құрылғанын көреміз:
1. Заттық құқықтар заң актілерінде тікелей 
көрсетілген немесе заңнан туындайды және 
оларды иелену не болмаса жүзеге асыру мүдделі 
тұлғалардың еркінен тыс жүзеге асырылмайды.
2. Өзге де заттық құқықтардың барлығы қатаң 
түрде меншік құқығының негізінде туындайды. 
Сәйкесінше, олардың көлемі меншік құқығы 
көлемімен анықталады. 
3. Заттық құқық субъектісі ие болатын 
бірқатар уәкілеттіктер, қатаң түрде тек меншік 
иесінің рұқсатымен ғана жүзеге асады. 
Шаруашылық және нарықтық айналымдағы 
жерге қажеттіліктің артуына қарай жерге зат-


204
ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. №4 (72). 2014
Жерге заттық құқықты Қазақстан Республикасының жер құқығының негізгі мәселесі ретінде ...
тық құқық жүйесі даму сатысында тұр деп 
негіздеуге болады. Осыған байланысты негізгі 
өзекті мәселе ретінде жерді заттық құқықтың 
дараландыру құралдары, ұйымдастыру – құқық-
тық жағдайларын, жерге заттық құқықты заң 
актілерінде бекіту, оның тиімді әрекет етуі үшін 
ұйымдастырушылық-құқықтық жағдайлар жа-
сау, әрбір жеке жерге заттық құқықты қолдану 
жағ дайын, мазмұнын, мәнін заң актілерінде 
нақты белгілеу, жерге заттық құқықты қорғау 
механизмін заң актілерінде бекіту сияқты 
мәселелер шешімін табуды қажет етеді. 
Отандық заң ғылымында жер учаскесінің 
заңи мәні бар функционалдық-сапалық ерек-
шелігін және оның жер, жер ресурстары, су 
қоры, қозғалмайтын мүлік секілді түсініктермен 
салыстыра отырып ең алғашқылардың бірі 
болып зерттеген ғалым А.Х. Хаджиев. А втор ҚР 
ЖК-12 б. сәйкес, жер учаскесі – осы Кодексте 
белгіленген тәртіппен жер қатынаста ры 
субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық ше кара 
ішінде бөлінген жер бөлігі деп көрсетілгенімен, 
жер учаскесінің қозғалмайтын мүлік ретінде 
негізгі параметрлерін анықта майды. Римнің 
жеке құқығының өзінде жер учаскесі ең 
алдымен онда орналасқан таби ғи объектілердің 
құқықтық режимінің ерекше ліктерін қоса 
алғандағы 
қозғалмайтын 
мүлік 
ретінде 
анықталады. ЖК-нің 5-тарауында жер учаскесі 
меншік құқығының, жер пайдалану құқығының 
және өзге заттық құқықтың объектісі ретінде 
көрсетеді [6, 93]. 
Азаматтық кодекстің 117 б. сәйкес, Жылжы-
майтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер 
учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық 
екпелер және жермен тығыз байланысты өзге 
мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай 
емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын 
объектiлер жатады. 
Ұсынылған заңнамалық анықтамасынан 
жер учаскесіне қатысты келесідей ережелерді 
ұсынуға болады. Жер учаскесі жердің бөлігі 
болып табылады. Олардың арақатынасы бүтін 
мен бөліктің арақатынасы іспеттес. Сәйкесінше, 
«жер учаскесі» ұғымы «жер» ұғымынан 
туындайтынын былайша көрсетеміз:
– жер учаскесі нақты бір зани негіздемеге 
сүйене отырып, жер қатынастарының белгілі бір 
субъектісіне бекілініп берілген;
– субъектіге бекітіліп беруі шаруашылық 
және өзге қолдау мүмкіндігі мен қажеттілігі 
мүм кін болғандықтан, жер ресурстарына 
жатқызы лады;
– шекарасы нақты анықталған;
– жекелеген нақты белгілерге ие қозғал-
майтын мүлік объектісін көрсетеді [5,75]. 
Егер Қазақстан Республикасының заң актi-
лерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне 
құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың 
үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына, екпе-
лерге қолданылады. 
Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер 
пайдаланушының топырақ қабаты астындағы 
жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң 
нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы 
саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан 
Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзе-
ге асырылады. Кең тараған пайдалы қазба-
ларды өндiруге және жеке қажетке жерасты 
сула рын алуға жер қойнауын пайдалану құқы-
ғын табыстау қойнауында кең тараған пай-
далы қазбалар және жерасты сулары бар 
жер учаскелерiн жекеменшiкке немесе жер 
пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. 
Сонымен, ұсынылған ақпараттарды талдай 
келе, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, заттық 
құқық ұғымы меншік құқығы ұғымымен тікелей 
байланысты ұғым болып табылатынын ай
-
тамыз. Біздің пікірімізше, заттық құқықтың 
негізгі мәселелерінің бірі ретінде оның заңи 
анықтамасының көрсетілмеуін айтамыз. Отан дық 
авторлардың пікірлері, келешекте жерге заттық 
құқық анықтамасының ұсынуға әкелуі тиіс. 
Заттық құқық белгілерінің ішіндегі абсолют-
тілік белгісіне сүйене отырып, оны қорғау 
механизмін жетілдіру керек деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет