14
2.
Ӛз ӛмірінің қиылуын ойлау, тілеу – бұл суицид кӛрінісінің белсенді формасы,
яғни ӛз-ӛзіне қол жұмсауға бет алу, оны жүзеге асыру жолдарын жоспарлау
дәрежесі оның тереңдігімен параллельді түрде ӛсе береді. Ӛз-ӛзіне қол
жұмсаудың әдістері, әрекеттің уақыты мен орны ойластырылады.
3.
Суицидті жоспарлау. Ӛз-ӛзіне қол жұмсауды ойлау, тілеу адамды оны
орындауына итермелейді. Әрекеттің нақты тәсілдері, уақыты мен орны таңдап
алынады.
4.
Суицидтік ойлардың пайда болуынан оларды жүзеге асыруға дейінгі кезең
дәстүрлі түрде суицид алдындағы (пресуицид) деп аталады. Оның ұзақтығы
минуттармен есептелуі мүмкін («ӛткір пресуицид»).
Суицидтік әрекет – ӛліммен аяқталмаған, ӛз ӛмірін қиятын әдіс-құралдарды
мақсатты түрде пайдалану.
Постсуицидтік кезең (постсуицид) оның «нәтижесін қорытындылаушы»
құрамдас бӛліктерден тұрады, ӛз-ӛзіне қол жұмсауға итермелеген қақтығыстық
жағдай, «психикалық және соматикалық» компоненттерімен қоса суицидтік
актінің ӛзі, суицидті тоқтатудың ерекшеліктері және одан кейінгі қалпына
келтіру іс-шаралары, соматикалық зардаптары және асқынулар, суицидтік
әрекеттен кейін қалыптасқан оған деген жаңа тұлғалық кӛзқарас және т.б.
Постсуицидтер кезіндегі негізгі ерекшеліктер:
а) қақтығыс және оның субьект үшін маңызы;
б) суицидтік шешімді қабылдау;
в) суицидтік мақсатқа тұлғалық кӛзқарас.
Ӛз-ӛзіне қол жұмсау әрекетінен кейін жақын арадағы постсуицидте негізгі
үш жағдай атап кӛрсетіледі:
1)
суицид тудырушы қақтығыстың маңыздылығы;
2)
суицидтік бағдарлардың нақтылық дәрежесі;
3)
орындалған әрекетке кӛзқарастың ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: