15
Қақтығыстың маңыздылығы біршама тӛмендеген, бірақ бұл қалыптасқан
жағдайға адамның істеген суицидтік әрекетінің тікелей әсерінен болды және
оны адамның пайдасына қарай жағымды ӛзгерістерге әкелді.
2. Суицидтік бағдар жоқ.
3. Жасалған әрекетке кӛзқарас – жеңіл ұялу сезімі және мұның ақыры ӛлімге
әкелуі мүмкін екендігінен қорқу. Алайда, суицидтік әрекеттер алдағы уақытта
ӛз мақсатына жетудің және айналасындағы
жағдайға әсер етуші құрал
екендігіне нақты кӛз жеткізуі.
Постсуицидтік қалыптардың екінші түрінде қақтығыстардың әсерінен
суицидтік әрекеттердің қайталану мүмкіндігі анағұрлым арта түседі,
алайда
олардың маңыздылығы (ӛмір үшін қауіптілігі) азаяды. Шынайы қауіп-қатердің
демонстративті-бопсалаушы бағыт алуы байқалады.
Үшінші түрі – талдаушы (аналитикалық).
1. Қақтығыс суицидент үшін бұрынғыдай маңызды.
2. Суицидтік бағдар жоқ.
3. Суицидтік әрекетке деген кӛзқарас – болған оқиғаға ӛкіну. Суицид
қақтығысты шешудің қолайлы тәсілі емес екендігін түсінеді, бірақ сезімдер әлі
басылмағандықтан жағдайдан шығудың басқа жолдарын іздестірумен болады.
Егер ондай шешім табылмаған күнде, сонымен
қатар қақтығыстық жағдай
субьект үшін адам тӛзгісіз қиындық туғызса, онда суицид қайталануы ықтимал,
және бұл жолы алдыңғысындай аффект жағдайында ойланбай басқан «қадам»
емес, тығырықтан шығудың жалғыз жолы ретінде болуы мүмкін. Бұл жерде
соңы ӛліммен аяқталу қаупі артады.
Төртінші түрі - суицидтік-тіркелген.
1. Қақтығыс маңызды.
2. Суицидтік бағдар сақталған.
3. Суицидке кӛзқарас –
жақтаушы, бұл «басқа жолды кӛрмей тұрмын» деген
сӛздерден байқалуы мүмкін.
Аталмыш жағдайда адам ӛз-ӛзіне қауіпті бола бастайды, негізінде «суицидтік
статустан» шықпайды. Шұғыл түрде психотерапиялық кӛмек кӛрсетуді
қажет
етеді.
Постсуицидтік жағдайлар ӛз дамуында үш кезеңнен тұрады:
1.
Жақын постсуицид (жасалған әрекеттен кейінгі алғашқы апта).
2.
Ерте постсуицид (әрекеттен кейінгі аптадан бастап бір айға дейін).
3.
Кеш постсуицид (кейінгі4-5 айдың ішінде).
Достарыңызбен бөлісу: