Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



Pdf көрінісі
бет15/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
 
 
Жалпы алдын алу: суицидтік әрекеттер жасалғанға дейін: 
- ӛз-ӛзіне қол жұмсау туралы ақпараттарды тікелей ұсыну орынсыз; 
- жалпы психикалық денсаулықты нығайтуға, қолайлы әлеуметтік орта 
қалыптастыруға бағытталған тәсілдерді қолданған жӛн;
- ӛзін-ӛзі құрметтеу және жағымды ӛзіндік бағалауды нығайту
- жағымды ӛзіндік бағалау және ӛзінің адамгершілігін сезіну эмоционалдық 
мәселелерді болдырмауға және уайымнан аулақ болуға кӛмектеседі, ӛмірдің 


18 
қиын сәттері мен жанды жаралайтын оқиғалардан шыға білуге мүмкіндік 
береді.
Суицидентпен жұмыс жасаудың негізгі принциптері:
 
1. Шұғыл кӛмек кӛрсетудің сипаты.
2. Ӛмірге икемделмеген және бейімделмеген мақсаттарды анықтау
коррекциялауға бағытталу.
3. Суицидент үшін маңызды қақтығыстарды шешудегі бұрын қолданып 
кӛрмеген әдіс-тәсілдерін іздестіру және жаттығу.
4. Айналасындағылармен жұмыс. 
Кӛмек кӛрсету ережелері: 
- кӛмек кӛрсете алатыныңызға сенімді болыңыз
- осындай жағдайда болған адамдардан тәжірибе жинаңыз; 
- шыдамды болыңыз; 
- «Бар да соны істе» деп айтып адамды таңқалдыру немесе оны қорқытуға 
тырысудың қажеті жоқ; 
- «Сіз ӛзіңізді осылай сезінесіз, себебі ... » деп адамның іс-әрекетіндегі 
түрткілерді талдамау керек;
- «Сіз ӛзіңізді ӛлтіре алмайсыз, себебі ...» деген сӛздермен дауласып, адамды 
ақылға келтіре алмайсыз
- қолыңыздан келетіннің барлығын орындаңыз, алайда басқаның ӛмірі үшін 
жеке басыңызға жауапкершілік алмаңыз
- ақыл-кеңес беру емес, түсіністік танытыңыз; 
- суицидентті мамандарға апарыңыз.
Әңгімелесу бойынша ұсыныстар: 
- әңгіме үзіліп кетпеуі үшін ыңғайлы орында сӛйлесу керек; 
- сұхбаттасушыға бар назарыңызды аударған жӛн, оған тік, ыңғайлы, қарама-
қарсы, бірақ үстелдің арғы жағынан емес ашық қарау керек;
- әңгімелесушінің айтқандарын қайталап айтып беру керек, сонда ол ӛз 
сӛздерінің ешқайсысы қағыс қалмағанын және ӛзін жақсы тыңдап, мәселенің 
мән-жайына қанық болғаныңызды түсінеді;
- сұхбаттасушының барынша ашылып сӛйлеуіне мүмкіндік беру, оның сӛзін 
бӛлмей тыңдау және ол ӛзі тоқтағанда ғана сӛз алып, ӛз ойыңызды білдіру; 
- айыптамай және қызбалана әуестенбей сӛйлесіңіз, бұл оның адамгершілік 
сезімін арттыра түседі;
- тек жағымды-конструктивті сӛздер ғана айтылуы тиіс («бір сәттік 
рефрейминг»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет