18
қиын сәттері мен жанды жаралайтын оқиғалардан шыға білуге мүмкіндік
береді.
Суицидентпен жұмыс жасаудың негізгі принциптері:
1. Шұғыл кӛмек кӛрсетудің сипаты.
2. Ӛмірге икемделмеген және бейімделмеген мақсаттарды анықтау,
коррекциялауға бағытталу.
3. Суицидент үшін маңызды қақтығыстарды шешудегі бұрын қолданып
кӛрмеген әдіс-тәсілдерін іздестіру және жаттығу.
4. Айналасындағылармен жұмыс.
Кӛмек кӛрсету ережелері:
- кӛмек кӛрсете алатыныңызға сенімді болыңыз;
- осындай жағдайда болған адамдардан тәжірибе жинаңыз;
- шыдамды болыңыз;
- «Бар да соны істе» деп айтып адамды таңқалдыру немесе оны қорқытуға
тырысудың қажеті жоқ;
- «Сіз ӛзіңізді осылай сезінесіз, себебі ... » деп адамның іс-әрекетіндегі
түрткілерді талдамау керек;
- «Сіз ӛзіңізді ӛлтіре алмайсыз, себебі ...» деген сӛздермен дауласып, адамды
ақылға келтіре алмайсыз;
- қолыңыздан келетіннің барлығын орындаңыз, алайда басқаның ӛмірі үшін
жеке басыңызға жауапкершілік алмаңыз;
- ақыл-кеңес беру емес, түсіністік танытыңыз;
- суицидентті мамандарға апарыңыз.
Әңгімелесу бойынша ұсыныстар:
- әңгіме үзіліп кетпеуі үшін ыңғайлы орында сӛйлесу керек;
- сұхбаттасушыға бар назарыңызды аударған жӛн, оған тік, ыңғайлы, қарама-
қарсы, бірақ үстелдің арғы жағынан емес ашық қарау керек;
- әңгімелесушінің айтқандарын қайталап айтып беру керек, сонда ол ӛз
сӛздерінің ешқайсысы қағыс қалмағанын және ӛзін жақсы тыңдап, мәселенің
мән-жайына қанық болғаныңызды түсінеді;
- сұхбаттасушының барынша ашылып сӛйлеуіне мүмкіндік беру, оның сӛзін
бӛлмей тыңдау және ол ӛзі тоқтағанда ғана сӛз алып, ӛз ойыңызды білдіру;
- айыптамай және қызбалана әуестенбей сӛйлесіңіз, бұл оның адамгершілік
сезімін арттыра түседі;
- тек жағымды-конструктивті сӛздер ғана айтылуы тиіс («бір сәттік
рефрейминг»).
Достарыңызбен бөлісу: