ӚЗ-ӚЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУҒА ҚАРСЫ ТҰЛҒАЛЫҚ
ФАКТОРЛАР
Ӛз-ӛзіне қол жұмсауға қарсы тұлғалық факторлар – бұл қалыптасқан
ӛмірлік мақсаттардың болуы, ӛмірлік ұстанымдар, тұлғалық факторлар мен
адамның психологиялық ерекшеліктерінің кешені, сонымен қатар суицидтік
ниеттердің жүзеге асырылуына бӛгет болатын жан күйзелістерінің
динамикасы.
Оған жататындар:
-
жақсы кӛретін туыстары және айрықша жақын адамдарымен
эмоционалды байланыс;
-
ата-аналық міндеттер;
-
айрықша парыз сезімі, міндеттілік;
-
жақсы физикалық форма сақтау, ӛз денсаулығына қамқорлық, ӛзін-ӛзі
сақтау инстингі;
-
қоғамдық пікірмен санасу және айналасындағылардың талқысынан
қашу, ӛз-ӛзіне қол жұмсаудың масқара екендігін білу және суицидтік жүріс-
тұрысты жақтырмау (айыптау);
-
ӛмірде пайдаланбаған мүмкіндіктерін білу;
-
әр түрлі ӛмірлік, шығармашылық, іскерлік, отбасылық, қызметтік және
басқа да жоспарлардың, мақсаттардың болуы;
-
ой-санасында рухани, адамгершілік, эстетикалық критерийлердің
болуы;
-
тәрбиемен, ӛмірлік тәжірибемен және тұлғалық ерекшеліктермен
(оптимизм, мейірімділік, адамгершілік, тәртіптілік, ӛмірде, қызметте, оқуда
және т.б. белгілі бір мақсаттарға жетуге тырысу т.с.с) қалыптасқан жағымды
ӛмірлік мақсаттар;
-
психологиялық
икемділік
және
бейімделу,
жағымсыз
жеке
уайымдардың орнын толтыру, есесін қайтара білу, ӛзін-ӛзі реттеу және
психологиялық қысымды жоюдың әдіс-тәсілдерін пайдалану;
-
ӛмірлік сценарийдің болуы.
Суицидке қарсы мақсаттарды қалыптастыру үшін:
- ата-аналар мен педагогтер баламен үнемі қарым-қатынаста болуы керек,
оны жағымсыз ойларымен оңаша қалдырмау керек;
- ӛз күші мен мүмкіндіктеріне сенімділік ұялату керек;
- жақсылық пен үміт сезімдерін сіңіру керек;
- сезімталдық білдіру, жылулық сыйлап, түсіністік таныту;
«Менің
қолымнан
ешқашан ештеңе
келмейді»
«Сен қазір ӛзіңнің күшің
жетпейтіндей кӛресің. Оны
қалай ӛзгертуге болатынын
сӛйлесіп кӛрейікші»
21
- баланың жүріс-тұрысын бақылап, оның құрбылармен қарым-қатынасын
талдау жүргізіп отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |