1. Жұмыс тәжірибесінен.
Амантаева С.О., Қарағанды қ. «№15 ЖОББМ» КММ педагог-психологы
Суицидтік жүріс-тұрыстың түрткілері
Балалар аса сезімтал және сенгіш, әсершіл және уайымдағыш, кӛңіл-
күйі ӛзгергіш, сыни ойлау қабілеті әлсіз, талпынысы эгоцентрикалық, шешім
қабылдауда импульсивті болады. Кӛп жағдайда балалардың ӛз-ӛзіне қол
жұмсауы ашуланудан бастау алады, қарсылық, ыза немесе ӛзін және
басқаларды жазалағысы келгендіктен болып жатады. Жасӛспірімдік кезеңге
ӛткен кезде ӛзіндік талдау жасауға, айналасындағыларды және ӛз тұлғасын
пессимистік тұрғыдан бағалауға бейімділік арта бастайды. Кӛбінесе суицидке
итермелейтін эмоционалды тұрақсыздық дені сау жасӛспірімдердің тӛрттен
бірінде кездеседі. Жағдайлардың басым бӛлігіндегі суицидтік жүріс-
тұрыстардың түрткілерін келесі топтарға бӛлуге болады:
Кӛмек іздеу
ӛз-ӛзіне қол жұмсағысы келетін адамдардың кӛбісі
ӛлгісі келмейді. Ӛз-ӛзіне қол жұмсау бір нәрсеге қол
жеткізудің тәсілі ретінде қарастырылады (мысалы,
назар аударту, махаббат, қиындықтардан құтылу,
шарасыздықтан құтылу сияқтылар).
Шарасыздық
ӛмір мағынасыз, болашаққа үміт артудың қажеті
жоқ. Ӛмірді жақсартуға ешқандай жол қалмаған.
Кӛптеген
мәселелер
барлық
мәселелер
жаһандық
және
шешім
табылмайтындығы соншалық, тіпті адам оларды
біртіндеп шешуге зейін аудара да алмайды.
Басқа адамның
жанына
тиерліктей ауырту
«Олар әлі ӛкінетін болады!» Кейде адам ӛзін-ӛзі
ӛлтіру арқылы ӛзімен бірге қиындықтарды алып
кетіп, жанұясының ӛмірін жеңілдетемін деп
ойлайды.
Мәселені шешудің
тәсілі
адам ӛз-ӛзіне қол жұмсауды ерлік пен күштіліктің
кӛрсеткіші ретінде санайды.
Депрессия.
Оның басты белгілері кӛңіл-күйдің тӛмендеуі және қуаныш
сезінуді жоғалту, ойлаудың бұзылуы, қозғалыстың тежелуі. Бұрын бақыт
әкелетін ӛмірдегі сәттерден қанағаттану және ләззат алу мүмкіндігінен
айрылу. Депрессия кезінде ӛзіндік баға тӛмендейді, ӛмірге деген құштарлық
пен дағдылы іс-әрекеттерге қызығушылықтың жоғалғаны байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |