Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


IV бӛлім. Мектепте суицидтік жүріс-тұрыстың алдын алу



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
IV бӛлім. Мектепте суицидтік жүріс-тұрыстың алдын алу 
 
Балалардың ӛз-ӛзіне қол жұмсауының алдын алуда отбасы, мектеп, 
педагогтер, психологтар, әлеуметтік педгогтар үлкен роль атқарады. Олар 
ата-аналардың жасӛспірімдерді суицидке итермелейтін уайымдары кезінде 
қалай кӛмектесуі бойынша жұмыс жасайды. Ата-аналар ӛз балаларына 
сауатты кӛмек кӛрсетіп, оларды түсініп, қолдау жасау үшін қажетті 
білімдермен қаруландыру қажет. Неғұрлым ата-аналардың педагогикалық 
білімдері жоғары болған сайын, олар соғұрлым ӛз балаларына 
жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды сіңіре алатын болады.
 
Жасӛспірімді суицидтік бұзылыстарға әкеліп соғатын сыртқы 
жағдайларды талдаулардың кӛрсетуі бойынша психологиялық жарақаттаушы 
оқиғалардың жіктелуінде алғашқы орында мектеп ӛмірімен байланысты 
жағымсыз феномендер: мектепке бейімделмеу, сабақтағы сәтсіздік, 
жасӛспірімнің сыныпта қабылданбауы, мұғалімдермен қақтығыстар,
дидактогения, дидаскалогения және т.б. Н.М. Кий пікірі бойынша 
жасӛсірімдердегі суицидтік жүріс-тұрыстың педагогикалық профилактикасы 
алдын алушы ұйымдар мен мекемелердің ӛзара әрекеттестігіне негізделуі 
тиіс. Мектеп психологының жұмысы оқушылар арасында психологиялық 
ағартушылық 
іс-шаралар 
ұйымдастыру 
арқылы 
ӛзін-ӛзі 
тануды 
жандандыруға бағытталуы керек [3, с.8].
Біздің ойымызша, мектеп психологтары үшін басты міндет жағымды 
ойлауды қалыптастыру мен суицидтік ойларды жою болып табылады [2, 
С.93]. 
Бұл жерде ата-аналардың ролі маңызды, себебі кӛп жағдайда ӛз 
балаларымен адамгершілік сезімдерді, жеке бақылау жасауды 
қалыптастыру, ӛмірге жағымды кӛзқараста болу, оның құндылықтарын 
түсіну, отбасында және достарымен қарым-қатынастардың сау болуы 
және т.б. жӛнінде сӛйлесіп, әңгімелесуді ұмытып кеткен. 
Сонымен қатар, 
педагогтар мен психологтардың кӛбісі баланың жүйке жүйесінің шаршау 
белгілері, жасӛспірімде күйзелістің ӛту барысының ерекшеліктері
стрессогендік жағдайда балаларда туындайтын реакциялардың ересектерден 
айырмашылығы туралы хабарсыз болып жатады.
Қарқынды түрде тұлғаның қалыптасуы – жасӛспірімдік кезеңнің 
маңызды психологиялық сипаттамасы. Қазіргі кезде жастар арасында ӛзін-ӛзі 
бүлдіруші жүріс-тұрыс түрлерінің белең алып тұрғаны жасырын емес: 
алкогольдік ішімдік, есірткі, никотиндік тәуелділік, зорлық-зомбылық, 
шамадан тыс тәуекелге апаратын жүріс-тұрыс, парасуицидтің жасаруы. 
Сондықтан 
жасӛспірімдік 
және 
жастық 
кезеңде 
қалыптасатын 
психологиялық жаңа түзілістерді түсіну әсіресе маңызды, себебі ӛмірдің 
мәні, жарқын болашақ, жағымды тұлғалық және әлеуметтік сәйкестілік – 
ӛмір сүруге құштарлықтың құрамдас бӛліктері болып табылады. Сәйкесінше, 
оларды қалыптастырудың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 


23 
суицидтік жүріс-тұрыстың алдын алудың басым бағыттарының бірі болып 
табылады. Сонымен бірге, обьективті шарттар мен жағдайдың субьективтік 
қабылдануын да ескерген жӛн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет