Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


Балалар жарақаты/ Балаларға қатыгездік кӛрсету/ Қараусыздық



Pdf көрінісі
бет22/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Балалар жарақаты/ Балаларға қатыгездік кӛрсету/ Қараусыздық 
Психологиялық жарақат – бұл сыртқы әсерлердің себебінен адам 
психикасының ӛзгеріске ұшырауы. Оның әсерінен терең эмоционалды 
уайымдаулар туындайды және әсері ұзақ болмақ. Бала кездегі психологиялық 
жарақаттың себебі науқастану, зорлық, кемсіту, алдау, сатып кету, кӛңілі 
қалу, әділетсіздік, ӛлім, жақын адамынан айрылу немесе күшті стресс 
әсерінен болуы мүмкін.
2.
 
Омилаева Л.Н., Алматы қ., «№99 ЖОББМ» КММ педагог-психологы
 
Оқушылардағы суицидтік жүріс-тұрыстың алдын алудың тиімділігі 
кӛбінесе білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді 
қамтамасыз етудің сапасына, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс 
жасайтын педагогтер мен психологтың кәсіби шеберлігінің деңгейіне 
байланысты болып келеді.


25 
Суицид 
профилактикасының 
жалпы 
кезеңіндегі 
психологтың 
міндеттеріне мыналар жатады: 
1. Туындайтын қиындықтардың дер кезінде алдын алу және оларды 
тиімді шешу мақсатында оқушылардың әлеуметтік-психологиялық статусы 
және бейімделу ерекшеліктерін зерттеу (психологтың іс-шаралар 
жоспарында қамтылады).
2. Әр түрлі жас ерекшеліктері бойынша оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдау жүйесін құруға қатысу (педагогикалық қолдау, 
психологиялық кеңес беру және т.б.).
3. Жалпы мектепішілік және сынып арасындағы іс-шараларды 
жоспарлауға қатысу, олардың мақсаты - Мен бейнесін, дара және 
қайталанбас тұлға, коммуникативті құзіреттілік, ӛмірлік құндылықтарды 
бағалауды және т.б. қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Суицидтің алдын алуды жүзеге асыра отырып, біз балалардың әрбір 
жас кезеңдерінде психологиялық әсерлерге сензитивті болып келетін 
психологиялық жаңа түзілістердің кӛрініс беретіндігін білуіміз керек. Осыған 
байланысты оқушылардың мектептегі барлық психологиялық кезеңдерде 
ӛтетін психологиялық іс-әрекет түрлерін негізге ала отырып алғашқы 
сыныптан бастап жүйелі түрдегі психопрофилактикалық жұмыстарды жүзеге 
асыруымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет