Қызылорда облысы арал ауданы №262 мектеп – гимназия



бет1/3
Дата20.06.2018
өлшемі11.99 Mb.
  1   2   3
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АРАЛ АУДАНЫ

262 мектеп – гимназиясы


Тажибаева Айнұр Ермекбайқызы

мектеп-гимназия психологы



Тәуекел тобындағы оқушылармен

түзету-датыту жұмыстары
(эллективті курс бағдарламасы, сабақ жоспарлары)

Арал 2015

262 мектеп – гимназиясының оқу әдістемелік кеңесінің 29 тамыз 2015 жылғы №1 қаулысымен бекітілген



Құрастырған: А. Тәжібаева

№262 мектеп – гимназиясының психологы


Тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында әрбір баланың психо- физиологиялық даму бағыттарын айқындау, олармен жүргізілетін жұмыстар формалары толықтай қамтылған.

Оқушылармен кездескен қиыншылықтарды жеңе білуді үйретуге бағытталған тренингтер, дәріс сабақтары, ақыл-ой тапсырмалары нақты алынған.



Сараптамалық кеңестің 29 тамыз 2015 жылғы №1 кепілдемесі

Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезінетін, өмірдегі өзінің қажеттілігін түсінетін жағдаяттардан шығу жолдары қарастырылған. Бала мүмкіндігін анықтап, алдын алу жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндігі бар.



ТҮСІНІК ХАТ

Тақырыптың көкейтестілігі.

Қазіргі таңда бойында психикалық дамуы баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін оқушылар бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады. Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемада байланып қалу - осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға (суицидке) итермелейді. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, өзінің көкейтестілігін жоғалтпай, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті.Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық мәселеге айналып отыр. Осы дауасыз дерттің алдын- алуда мектеппен отбасы арасында тығыз қарым-қатынас орнатуда жинақталған «Тәуекел» тобындағы балалармен атқарылатын түзету дамыту тақырыбындағы жұмыстардың маңызы зор. Тәуекел дегеніміз – алдын ала қарастыратын болжам немесе жоспарланған нәтижемен салыстырғанда зиян шегу. «Тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында әрбір баланың психо- физиологиялық даму бағыттарын ескеру қажет.  Баланың отбасы жағдайының толық еместігі, ата- ана тарапынан балаға психологиялық қолдаудың болмауы, мұғалім тарапынан оқушыға жасалынған қысым және елемеушілік әркеттердің өзі баланың бойындағы қиындықтарға әкеледі. Сондықтан «тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында оқушының даму да мән берген жөн. Негізгі көңіл аударатын басты объекті – бала өмірі мен әлеуметтік проблемалары. «Тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты: проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы балаланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасау. Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Егер бағалау нормасы дер кезінде өзгермесе, субъект ретіндегі баланың әлеуметтік өмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағдай жасалмаса өмірлік маңызды шешімге келу кезеңінде кедергілер, «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Егер отбасы мен әлеуметтік орта балаға бұл кедергілерді жоюға көмектесе алмаса, онда ол «Тәуекелдік жағдайға» жетеді. Ал, егер бұл тұста педагог-маман араласпаса кедергі көбейе түседі де, бала «әлеуметтік қауіпті жағдайға» ұшырайды, сөйтіп, «Тәуекел тобында» болады.

Бағдарлама мазмұны

р/с

Тақырыбы

Өтілу формасы

Көрнекі құралдар

1

Алғашқы сабақ

«Өзім туралы»



сауалнама

Бейнематериалдар

2

«Мен және менің отбасым»

Сауалнама, топтық, жеке жұмыстар

Бейнематериалдар әзірлеу. Жинақтар жасау, фотоальбомдар

3

«Мен - денсаулығы мықты, үлгірімді оқушымын»

Сауалнама арқылы оқушыларға қажетті жағдайлар, оның мүмкіндіктері толықтай анықталап, балалармен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі әзірленеді.

Оқушылар жетістіктерінен жинақталған фото немесе бейнеальбомдар.

4

«Жетістікке жету формуласы»

Баланың өмір сүріге талпындыру, қызықтыру, болашағына деген үлкен үмітпен қарауға бағытталған тапсырмалар легі. Формулалар, плакаттар.

Нәтижесінде келер күннің картасы әзірленеді.

5

«Менің кемшіліктерім мен қабілеттерім»

Кемшіліктер мен қабілеттер кестесі.

Бала мүмкіндіктерін тану, кемшіліктерін болдырмауға, қабілеттерін аша түсу жолдарын анықтау картасы әзірленеді.

6

Мінез. Мен қандаймын?

Тренинг

Мінез-құлықтар жұлдызшасы.

7

«Менің эмоциям» мінез-құлықтар жаттығуы.

Жаттығу. Тренинг

Жаттығуларға қажетті материалдар. Слайд-презентация

8

Танысу

Топтық және жеке жұмыстар. Автор орындығы әдісімен өзін таныстыруы.

Бейнематериал. Қолжазба күнделік.Таныстық туралы әңгіме үлгілері.

9

Біз. Қандаймыз?

Өздерін өзі бағалай білуі жаттығуы. Өзіңді және өзгені бағалай біл. Жақсыны көре білу де өнер.

Топтық таныстыру.

10

Дос болып жүрейікші

Жаттығу, тренинг. Әңгіме. Үзік сыр.

Достар туралы бейнебаяндар. Слайдтар. Достық әндері

11

Түсіністікке үйренеміз

Тілек жазу, ассосация, шеңбердегі әңгіме.

Презентациялар.

12

Релаксациялар

Дене қимылы жаттығулары, арт-терапиялық жаттығу

Орман, таңғы сәулелер туралы презентациялар

13

Ата – ана мен бала арасындағы қарама – қайшылықтар

Дөңгелек үстел. Топтағы әңгіме. Құпия хат. Пікірталас

Кинолардан үзінді.Жағымды ахуал туғызуға бағытталған.

14

Кикілжіңнің денсаулыққа әсері


Тренинг

Презентациялар

15

Мені ертең керемет келешек күтеді

Болашаққа эссе жазу. Болашақтың келбетін жасату. Постер қорғату.

Бейнематериалдар.БАҚ материалдары

16

Сенімнің соқпағы


Ойын түрінде

Плифчарттар, маркерлер, түрлі- түсті қағаздар.

17

Қорытындылау.

Жинақтау, мониторинг жасау, нәтижесі бойынша алдағы жұмыстар жоспарын дайындау.

Диаграммалар, сауалнамалар, жинақтар.


«ТƏУЕКЕЛ ТОПТАРМЕН» ЖҰМЫС ЖАСАУ ƏДІСТЕРІ

«Тəуекел топтағы» балалармен жұмысты қарастырайық. Үнемі дағдарыстық ситуацияға жиі түсетін балалар «тəуекелге бейім топқа»

жатады. Ата-аналардың маскүнемдігі, ата-аналардың махаббатының болмауы, қорлықтың себебі болуы мүмкін. Мұндай балалар өз қиындықтарын жеңе алмай, қараусыз қалуы мүмкін.

Мұндай балаларға əлемге деген сенімсіздік, өзіндік бағалаудың төмен болуы, қобалжу тəн. Өмір ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын психологиялық проблемалар агрессияның мінез қалпы ретінде қалыптасуына алып келеді.

Агрессия көрсету арқылы мұндай балалар өз дегендеріне жетеді.

Агрессияның мінез бітіміне айналуы балада қарым-қатынасқа керек дағдылардың қалыптаспауымен байланысты.

Бұл ата-аналардың тəрбиесінің жетіспеуінен болады. Келесі

себеп – зақым əкелетін ситуацияларға реакциясы. Сондықтан

«тəуекелге бейім топтағы» балалармен түзету жұмысы кезінде

қарым-қатынас пен мінез-құлықтың əлеуметтік мақұлданған

стилін қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек.Мұндай балалардағы агрессияның себебі:

- эмоциялық зақым əкелетін жағдайдың болуы жəне одан

шығудың мүмкін болмауы;

- өзінің керек еместігін сезіну;

- ата-аналардың агрессияны қолдауы балалардың үнемі

осындай мінез-құлық көрсетуіне алып келеді;

- ата-аналардың балаларынан бас тартуы;

- болашақ алдындағы қорқыныш.

«Тəуекел топтағы» балалармен түзету жұмыстары ұзаққа

созылады. Психологтың жұмысы кеңес беруге бағытталады.

Психотерапиялық жұмыс агрессия табиғатына байланысты болады. Бір жағынан агрессияны елемей, оған көңіл аудармау керек болса, екінші жағынан, агрессиялық мінез-құлықты ойын контекстіне кіргізу керек, ал

үшіншіден, ойын арқылы агрессияның сыртқа шығып, мəселенің жағымды шешілуіне бағдарлану керек.Кіші мектеп жасындағы балалар үшін арттерапия, сюжеттік-рөлдік ойындар жақсы əсер етеді.

Агрессияны түзету жұмысының негізгі бағыттары:

- өз эмоцияларын сезінуге үйрену жəне сезімдерін сөзбен

айта білуге, жеткізе білуге үйрену;

- қобалжу деңгейінің төмендеуі;

- өзіндік бағалауды жоғарылату; - баланы өз ашуын дұрыс жолмен сыртқа шығара білуге үйрету;

- өз ашуын басқара білуге үйрену;

- конструктивті қарым-қатынасқа үйрену;

- жүріс-тұрыстың деструктивті элементтерін азайту;

- мəселелік жағдайларда конструктивті мінез-құлық

дағдыларына үйрену;

- өз эмоцияларын қадағалауды дамыту. Топтық жəне жеке

жұмыс кезінде баланың өзінің жəне жағдайдың жағымды жаққа

өзгеруіне сенуіне мүмкіндік беретін жағдай жасау керек. Топтық

жұмыс ерекше, іш пыстырмайтын болуы керек. Балалардың

қызығушылығын ынталандыратын тапсырмалар болуы керек.

Агрессияны түзету кезінде балалар түрлі ситуацияларда адекват-

ты жүріс-тұрыстың моделін сезіну керек.

Балалар өз отбасындағы қарым-қатынас тəжірибелерін құр-

дастарымен арадағы қатынас кезінде де пайдаланады, «тəуекел-

ге бейім топқа жататын» балалардың басқа балаларды ренжітуіне жол бермеуге арналған жұмыс өте маңызды болып табылады.

Жұмыс кезінде балалардың өздерін рефлексиялауына үйрету керек, өз өмірлеріне өздерінің əсер ете алуына жағдай жасау керек. Пайда болған мəселелерді шешу керектігін сезінуге үйрету керек. Агрессияның пайда болуына əсер ететін жағдай – ол фрустрация, ата-ана махаббатына зəру болу, олардан үнемі жазалану арқылы бала осындай фрустрация күйін кешеді.

Егер ата-аналары үнемі жазалап отыратын болса, бұл агрессияның пайда болуының бірден бір шарты болып табылады. Сондықтан түзету жұмыстары ата-аналармен де жүргізілу керек, онда ата-аналар конструктивті тəрбиелеу жолдарына үйреніп, баланың жеке-дара ерекшеліктері туралы ақпарат алады.


1 сабақ

Әрбір адам - өз жеке өмірінің

авторы

Сабақтың тақырыбы: ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Мақсаты:


  • Оқушылардың өзі туралы ойларын анық жаза білуге үйрету

  • Өзі туралы жаза отырып, өзгеге деген құрметті арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өздері туралы ойларын толық, анық, нақты жеткізе біледі.

  • Өзін және өзгені құрметтей алады.

Көрнекілігі: бейнематериалдар, сауалнама парақтары.

Түрі: Сауалнама

Саған өтініш, мына төмендегі сауалнамаға жауап беруге тырыс

  1. Аты-жөні, тегің: ________________________________________________________________

  2. Туған жылы, айы, күнің:___________________________________________

  3. Мекен-жайың:___________________________________________________

  4. Үй телефон номерің:_______________________________________________

  5. Сенің қызығушылығың: _________________________________________________________

Спорт

Музыка


Саясат

Кітап


Компьютер

Теледидар

Сөзжұмбақтар

Басқа__________________________________ Мектептегі беделің:____________________________________________



  1. Қатысатын үйірме түрі:___________________________________________________________

  2. Сені қызықтыратын пән:__________________________________________________________

  3. Оқу барысында қиындық тудыратын пән:__________________________________________________________

  4. Сен оқитын газет:_________________________________________________

  5. Сүйікті теледидар бағдарламасы:__________________________________

  6. Өткен оқу жылын қалай аяқтадың:_______________________________________________________

Өте жақсы

Жақсы


Қанағаттанарлық

  1. Сен жиі конфликтіге келіп қаласың:______________________________

Сыныптастарыңмен

Достарыңмен

Ата-анаңмен

Мұғаліммен



  1. Соңғы оқыған кітабыңның аты және авторы:________________________________________________________

  2. Бос уақытыңда немен айналысасың?__________________________________________________

  3. Сүйіп тыңдайтын әуенің:_________________________________________________________

  4. Сүйікті тағамың:_______________________________________________________

  5. Сүйікті ісің:___________________________________________________________

  6. Сүйікті ұстазың: ________________________________________________

  7. Ондағы сен бағалайтын қасиет:____________________________________


2 сабақ

Отбасында адамның тұлғасы дамиды

және мінезі қалыптасады.

Сабақтың тақырыбы: МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ

Мақсаты:

  • Әр баланың өзі және отбасы туралы ойларын дамыту,

  • Отбасы мүшелеріне деген құрметін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Әр бала өзі туралы, отбасы туралы ойларын жаза алады.

  • Отбасы туралы жаза отырып, оларға деген құрметі артатын болады.

Көрнекілігі: Оқушылар жетістіктерінен жинақталған фото немесе бейнеальбомдар.

Түрі:

1. Әкеңнің аты-жөні, тегі: ______________________________________

2. Туған жылы, айы, күні:_______________________________________

3.Білімі:_____________________________________________________ 4. Жұмыс орны:_______________________________________________

5. Қызметі:___________________________________________________

6.Жұмыс орнының мекжайы:_____________________________________

7. Телефоны:__________________________________________________

8.Анаңның аты-жөні, тегі:_______________________________________ 9. Туған жылы, айы, күні:_______________________________________

10. Білімі:____________________________________________________

11. Жұмыс орны:______________________________________________

12. Қызметі:__________________________________________________ 13. Жұмыс орнының мекен-жайы:________________________________

14.Телефоны:____________________________________________________15. Бала саны:_________________ __________________________________ 16.Сен нешінші баласың?__________________________________________



17.Отбасы құрамы:_______________________________________________ Отбасыңдағы бағалайтын ең басты құндылық қандай?_____________ Отбасында кімге бағынасың?_______________

Менің отбасым (эссе)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3 сабақ

Мұғалім білімге есікті ашып беруші,

сен оған өзің кіруің қажет

Сабақтың тақырыбы: МЕН – ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ, ҮЛГІРІМДІ ОҚУШЫМЫН

Мақсаты:

  • Денсаулықты күте білуге үйрету.

  • Сабаққа үлгірімді болуға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Денсаулықты күту жолдарын біледі. Өзара пікір алмасады. Деректерден үйренеді.

  • Үлгірімді оқушы болуға талпынады.

Көрнекілігі: Оқушылар жетістіктерінен жинақталған фото немесе бейнеальбомдар

Түрі: Сауалнама арқылы оқушыларға қажетті жағдайлар, оның мүмкіндіктері толықтай анықталап, балалармен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі әзірленеді.


Мен – үлгерімді оқушымын
Оқу үлгерімі:____________________________

Мен ұнататын пән: __________________________

Оның себебі:________________________

Мен ұнатпайтын пән: _______________________ Оның себебі:_________________________

Сабақ оқуға күніне қанша уақыт бөлесің?_____________________

Білімді оқушы болу үшін не қажет?___________________________



Сенің қолыңнан білімді оқушы болу келе ме?_______________________________________

Үйде үй кітапханасы бар ма?______________________________________ Кітапханаға қаншалықты жиі барасың?__________

Үй тапсырмасын орындау кезінде кім көмектеседі?______________













Өмірде тек 2 құндылық бар:

бірі таза ар,екіншісі денсаулық.
Мен – денсаулығы мықты адаммын

Бойы: __________________________

Салмағы:_____________________

Қан тобы:__________________

Осал жері:__________________________

Спорттық қандай үйірмелерге қатысасың?______________

Дені сау адам болу үшін не істеу қажет?________________

4 сабақ

Жетістікті асыға күтсеңде,

өздігінен келмейді

Сабақтың тақырыбы: ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ

Мақсаты:


  • Өзін –өзі жетістікке жету жолдарын меңгерту

  • Жетістікке жетіп, үлгірімді оқушы болуға дағдыландыру

Күтілетін нәтиже:

  • Өзін –өзі жетістікке жету жолдарын үйренеді

  • Үлгірімді оқушы болуға талпынады.

Көрнекілігі: Нәтижесінде келер күннің картасы әзірленеді.

Түрі: Сауалнама.

Баланың өмір сүруге талпындыру, қызықтыру, болашағына деген үлкен үмітпен қарауға бағытталған тапсырмалар легі. Формулалар, плакаттар

Өмір – саяхат. Осы оқу жылы сен үшін жетістік жылы болу үшін және де есте мәңгілік қалатындай етіп өткізуге тырыс. Өз өміріңе қызықты саяхатқа қарағандай қара. Жолың болсын!



Болашақ жетістікке сенетін адамның қолында

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет