Балқаш қаласының «ЖББ №5 орта мектеп» КММ
2020 – 2021 оқу жылында онлайн жүйе арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру бойынша психологиялық қызметті ұйымдастырудың жылдық жоспары
Мақсаты:
Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, бәлім беру үрдісіне қатысушыларды педагогика –психологиялық тұрғыдан қолдау. Оқушылар мен ата – аналардың онлайн жүйеде білім алып, балаға рухани, эмоционалды қолдау көрсетуіне жағдай жасау. Мектеп мұғалімдерінің өзіндік бағалау деңгейлерін көтеріп, жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыруына психологиялық бағыт беру.
Міндеттері:
Оқушының интернет арқылы қашықтан білім алуына психологиялық жағдай жасау.
Мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға арналған психологиялық қолдау көрсету.
Ата – аналарға онлайн оқыту кезінде баламен қалай жұмыс жүргізуге болатыны жайлы ақпараттар беріп, педагогикалық мәдениеттерін қалыптастыруға жағдай жасау.
Баланың мүмкіндіктерін пайдалануға толық мүдделі болу;
Баланың тұлғалық ерекшелігін ескеру, 1 – 5 сынып оқушыларының бейімделу үрдісін зерттеу.
Тиімді қарым-қатынас жасауға жағдай жасау;
9 – 11 сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын анықтауына көмектесіп, психологиялық қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |