№
|
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық негіздері
|
Сипаттамасы
|
Маңыздылығы
|
1
|
Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме
|
Оқу нәтижелерін бағалау білім алудың белгілі сатысында білім алушылардың «жыл басында» қол жеткізген білімдерінің деңгейлерін талдауға негізделеді. құзыреттіліктің үш санаты:
– құралдарды интерактивті қолдану: сөйлеу, символдар мен мәтіндер; білім мен ақпарат; технологиялар.
– әркелкі топтарда әрекет ету: басқалармен жақсы қарым-қатынаста болу қабілеті, командамен жұмыс жасау және ынтымақтастық, шиеленісті шеше білу және басқару.
– өз бетінше әрекет ету: көріністі жан-жақты көре білу және әрекет ету қабілеті, жеке жобалар, өмірлік жоспарларды қалыптастыру, жүзеге асыру, қажеттіліктер мен нормаларды, қызығушылықтарды, құқықты сақтап қалу, қорғау
|
Құзыреттілікке негізделген тәсілдемеге сәйкес оқу бағдарламасын меңгеру, бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты берілген оқу мақсаттарына жеткенін айғақтайтын нақты нәтижелер арқылы бағаланады.
|
2
|
Кері дизайн
|
Бұл білім беру үдерісіндегі арнайы педагогикалық жобалау технологиясы, негізгі критерийі мазмұн емес (контент), оқытудың жоспарланған нәтижелері. Кері байланыс технологиясы аясында білім беру үдерісін жоспарлауда үш кезеңді жүзеге асыру қарастырылады (Уигнис және Тай, 2011):
1-кезең – Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Білім алушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс?» деген сұраққа жауап;
2-кезең – Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Білім алушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады?» деген сұраққа жауап;
3-кезең - Оқуды және білім алушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау.
|
Кері байланыс үдерісінде білім беруді жоспарлауға мүмкіндік береді: оқу бағдарламасы – бағалау үдерісі – оқыту мен оқу үдерісі. Бұл оқу үдерісі оқу мақсатына жетуге, ал бағалау оқу қорытындысы бойынша күтілетін нәтижеге сәйкес деңгейді белгілеуге бағыттайды.
|
3
|
Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы
|
Критериалды бағалау жүйесі оқытуда әлеуметтік-конструктивистік көзқарасқа сүйенеді. Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы білім беруде ұжымдық, топтық, жеке-тұлғалық оқыту үдерісінде әлеуметтік конструкцияға ерекше көңіл бөледі.
|
Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясына сәйкес білім алушылардың ойлауын дамыта оқыту түрлі дереккөздерден (мұғалім, құрдас, оқу ресурстары) «алынған» білімнің «бар болуын» өзара әрекеттестіріп, социуммен үйлесімді қарым-қатынас орнату арқылы қамтамасыз етеді, «мүлдем жаңа» білім ортасын құрады. Бағалау әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясының идеяларына негізделген, ол түрлі елдерде кеңінен қолданылып жүрген қалыптастырушы бағалауды тәжірибеде жандандыруға мүмкіндік береді.
|
4
|
Жақын арадағы даму аймағы
|
Жақын арадағы даму аймағы түсінігі Л.С.Выготскийдің енгізуімен белгілі, ол «жақын арадағы даму аймағы, баланың даму деңгейі, яғни қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алатынын және үлкендермен, өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын әлеуетті даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білетінін анықтайды» дегенді білдіреді (Выготский, 1978, 86-бет).
|
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім немесе қабілетті құрдастарының бірі білім алушыға қолдау көрсетсе, оның дамуы жақын арадағы даму аймағында өтеді.
|
5
|
Скаффолдинг теориясы
|
Скаффолдингтің жаңашыл теориясы – бұл білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағылардың өзара сеніміне негізделген серіктестік. Оқу үдерісінің барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету мақсатымен білім алушыларды қолдау (Дж.С.Брунер, 1976) қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды функциялардың бірі болып табылады. «Скаффолдингтің» негізгі сипаттамалары:
1. Жалпы мақсаттардың болуы. «Скаффолдинг» үшін аса маңызды жағдай «интерсубъективтіліктің» бар болуы болып табылады (Рогофф, 1990), ол екі субъектінің екі түсінікке ортақ түсініктерінің болу жағдайы.
2. Ағымдық диагностика және бейімделуге қолдау көрсету. Скаффолдингтің маңызды ерекшеліктерінің бірі білім алушыларға қажетті қолдауды «бірте-бірте» көрсету үшін мұғалім олардың ілгерілеуін үздіксіз бағалап отыратын дерек болып табылады. (Вуд және басқалар, 1976, 97-бет).
3. Диалог және өзара әрекет. Мұғалім мен білім алушылардың өзара әрекеттері скаффолдингте диагностикалық болып табылады.
4. Қолдауды азайту, жауапкершілікті беру. Скаффолдинг жағдайларының бірі білім алушыларға мұғалім тарапынан көрсетілетін қолдау көлемін біртіндеп азайту. (Вуд және басқалары, 1976).
|
Интерсубъективтілік мұғалім мен білім алушының оқудағы нәтижеге ортақ жауапкершіліктерінің болуы ретінде қарастырылады.
Мұндай өзара әрекет «білім алушылардың қажетті дағдыларды меңгеруіне, жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындай алуына көмектесуі керек»
Білім алушыларды селқос білім мен тәжірибе алушы емес, сұрақтар/ тапсырмаларды шешуде белсенді қатысушы, серіктес ретінде көруге мүмкіндік береді. Ал өзара әрекет диалогтің арқасында мүмкін болады, яғни мұғалім мен білім алушы немесе білім алушы мен білім алушы арасындағы әңгімелесулер.
Бұл біртіндеп білім алушылардың өз оқуына өзі жауапкершілікпен қарай алуына толық жеткізу болып табылады.
|
6
|
Қалыптастырушы бағалау теориясы
|
Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында білім алушыларды қолдау үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет: «білім алушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады: мұғалім, сыныптас және білім алушы
|
Мәліметтер қалыптастырушы бағалаудың бес негізгі стратегиялардан тұратынын көрсетеді:
• Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру;
• Білім алушылардың түсінгені туралы дәлелді көрсететін сыныптағы өзара әрекет пен тиімді тәсілді қалыптастыру;
• Білім алушыларды нәтижеге жетуге ынталандыратын кері байланыс беру;
• Білім алушыларды өзара оқу ресурстары, дереккөздері ретінде қатыстыру;
• Білім алушыларды өз білімдерін өздері «жасаушылар/құрушылар» ретінде қалыптастыру.
|
7
|
Білімді толық меңгеру теориясы
|
Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды есептеу әдістемесі мен баға қою механизмін анықтаудың негізі болып табылады.
|
Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі әсер етуі тоқсанның соңына дейінгі қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді. Тоқсан барысында білім алушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда қорытынды нәтижені жақсарту мүмкіндігі сақталады.
|
8
|
|