Орындаған: Аманқос Мәдина
Критериалды бағалаудың теориялық негіздері: жақын арадағы даму аймағы
Кері байланыс - оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың оқу бағдарламасына сай (математика) бөлім, бөлімше, мақсаттары, ойлау деңгейлері мен бағалау критерийлері бойынша талдау жасау
Жақын арадағы даму аймағы
Қ азіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан- жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
Бағдарламаны оқытуда көрнекті кеңес психологы Лев Выготскийдің (1896-1934) «Жақынарадағы даму аймағы» деген ұғымынша, «Айналы нейрон» деген психологиялық зерттеу арқылы топтар бір-біріне қарап-ақ белсенділіктері артып, ойлары жандана түседі. Жақын арадағы даму аймағы деуіміз, бірінен-бірі үйрену.
"Жақынар адағыдаму аймағын" Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
ЖАДА-нда тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға үлкендердің немесе оларды жаңаша оқытуға нақты бір мерзімге дейін көмек көрсетіп қолдау бере алатын барынша құзіретті тұлғалардың көмегі қажет. Осындай қолдау түрі қарым-қатынасты жасауды кірістіреді. Выготский бұл жолы сөзді оқудың ең басты құралы ретінде қарастырады. Осылайша, оқыту үдерісінде әлеуметтік қызығушылықты қолдаудағы мұғалімнің рөлі оқушының білімін дамыту үшін шешуші болып табылады. Оқушылар басқа аса білікті оқушылармен /олардың рөлінде сыныптастары немесе мұғалімдер болуы мүмкін/ диалог мүмкіндігі бар жағдайда оңай білім алады. Талқыланатын идеялар оқушының осы кездегі түсінігінің бір бөлігі болып табылмайтын, бірақ оның ЖАДА-на кіретін жағдайда оқыту жемісті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |