Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды дәлелдеу. Түсіну – материалды бір түрден екінші түрге ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау. Қолдану – ережелерді, жаңа білімді түрлі нұсқада қолдану. Талдау (анализ) – толық объектіні ұсақ бөліктерге ажырату, оның мәнін түсіну және меңгеру үдерісі. Жинақтау – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі. Ақпаратты жаңа үлгідегі элементтердің түрлі әдістерімен біріктіру немесе альтернативті шешім ұсыну арқылы жүйелеу. Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
ҚР МЖМББС қолданылатын таксономиялық тәсіл оқу мақсаттары ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес бағалау критерийлерін құрастыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; қолдану; жоғары деңгейдегі дағдылар (талдау, жинақтау және бағалау).