27
қарағай, терек, шаған). Жел - өсімдіктер тұқымдарын таратудың тиімді
құралы (анемохориялық өсімдіктер – орман түзуші тұқымдардың мол бөлігі).
Желдің жаман әсерінің мысалы ретінде теңіз жағалауында үлкен көлдер
жағасында, үлкен ашық аудан кеңістігінің параметрінде өсетін ағаштарда
жалау тәрізді кронасының қалыптасуы. Жалау тәрізді кронаның қалыптасуы
сүректің сапасының нашар болып қалыптасуына алып келеді.
Соғатын желдің күшімен ағаштардың өнімділігі арасында тікелей
байланыс бар екендігі дәлелденген. Соғатын жел күшейген сайын
өсімдіктер формациясы өнімділігі нашарлай береді. Тұрақты қатты жел соғып
тұратын жағдайда діңдері аласа (қисық) кейде тіпті төселіп өсетін формалары
қалыптасады, ұзындыққа өсуі нашарлайды (Иванов, 1936).
Орман экожүйелеріне қатты желдер (дауыл, теңіз дауылы) өте теріс әсер
етеді. Ағаштарды құлатып кетеді. Мысалы, 1967 жылы Латвияда бірнеше
сағаттың ішінде 130 мың гектар жердегі ормандарды қиратып кетті, ал 1970
жылы ФРГ-да 3 сағаттың ішінде 120мың гектар орманды құлатып кетті. 2011
жылы Іле Алатауында да сондай жағдай болды.
Қатты желдің әсерінен ағаштар қозғалып оның майда тамырлары үзіледі,
соның нәтижесінде қоректенуі нашарлайды. Өсімдіктің қорғаныс қызметі
нашарлайды,
зиянкестер
орналасып
алып
ағаштың
өлуіне
алып
келеді.Ағаштардың желге төзімділігі оның тамыр жүйесінің құрылысына
байланысты. Тамыр жүйелерінің 3 типін ажыратады:
1) Негізгі тамыр жүйесі (қарағай, емен, қайың);
2) Үстірт тамыр жүйесі (топырақтың үстіңгі қабаттарында) (шырша,
самырсын);
3) Өтпелі (орман түзуші ағаштардың көбісі).
Негізгі тамыр жүйесі бар ағаштар басқаларға қарағанда қатты желден
азырақ зақымданады. Үстірт тамырлы ағаштар желден көбірек құлайды.
Орман өз кезегінде желдің ағынын өзгертеді, соның нәтижесінде мекен
еткен территориясының климатына әсер етеді. Орман массиві қар
тоқтатады, нәтижесінде эрозияны болдырмайды. Орман ценоздарының бұл
қасиетін егістіктерде және топырақ қорғау алқаптарында пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: