Бақылау сұрақтары: 1.
Атмосфера және ауа құрамын атаңыз.
2.
Ауаны ластайтындарды атаңыз.
3.
Көмірқышқыл газы мен оттегінің маңызын айтып беріңіз.
4.
Ауа құрамындағы көмірқышқыл газының ауытқуы қандай?
Тақырып 8.1 Орман және ауа бойынша зертханалық жұмыс Мақсаты: ауаның орманға тигізетін әсерін анықтау және орман үшін
ауаның маңыздылығын таныстыру.
Жалпы түсінік Атмосфера ауасының негізгі компоненті - азот (78%). Бұл газдың
концентрациясы бір дәрежеде сақталады. Оның шамалы бөлігі бұршақ
тұқымдас өсімдіктердің қатысуымен биологиялық айналымға
қатыстырылады. Көлемі бойынша 21% шамасында оттегі болады. Ол
өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің тыныс алуына қажет.
Оттегінің концентрациясының артуы не кемуі барлық тірі организмдердің
тіршілік процесіне әсер етеді. Инертті газдар аргон, ксенон, неон, криптон
және гелий - 1% болады. Өсімдіктер үшін маңызды компонент әрине СО2.
Оның концентрациясы бірте-бірте артып келеді және ол өсімдіктерге оң әсер
етеді.Жылыжай шаруашылықтарында өсімдіктерге СО2
артық концентрациясын үстеме қорек ретінде береді.Ормандарда шымылдық
астында СО2 газынан басқа құрамында көміртегі бар газдар бар. Ол - детриттің
ыдырауы нәтижесінде пайда болған метан.Шыршалықтардың шымылдығында
СО2 газының концентрациясы мөлшері сыртқы ортаға бағынышты.
Мысалы, түнде ауа температурасына және ылғалдылығына, ал күндіз
оларға қосымша жарықтылыққа байланысты болады.Ауа-райы ашық күндері
көмірқышқыл газының ең көп мөлшері түнде қылқандар массасы мол болатын
қабатта, ал бұлыңғыр күндері тамырлардың тыныс алуы және топырақтағы
биоталар қызметі есебінен жер бетінде болатындығы анықталған.
Орман және фитонцидтер. Фитонцидтер – зиянды микроорганизмдерді
өлтіретін немесе олардың өсуі мен дамуын тежейтін жоғары сатыдағы
өсімдіктер бөлетін биологиялық белсенді заттар. Фитоцидтерді ХХ ғасырдың
30-жылдарында биолог Б. П. Токин ашқан.
Барлық ағаш және бұта түрлері фитонцидтік дәрежесі бойынша келесідей
бөлінеді:
1)