екпін
-
фонемалық зерттелім (акцентно
-
фонемная фонети
-
ка) дәуірі
деп атаймыз. Өйткені негізгі зерттеу әдісі ретінде екпін мен
фонемалық талдау алынды.
ХХ ғ. соңғы ширегіндегі зерттелімдер
Қазақ фонетикасын зерттеудің төртінші дәуірі ХХ ғасырдың
70-90-жылдары мен ХХІ ғ. басы болып отыр. Бұл кезде ғасыр басын-
дағы қазақ зерделілерінің (интеллектуалдарының) жабық еңбектерінің
беті ашылып, көпшілік оқырман қолына тиіп, олардан зерттеушілердің
жаңа тобы [Мырзабеков, Қалиев, Уәли, Күдеринова, Ахымбек т.б.]
тәлім алды. Оның үстіне олардың екінші бір тобы [Исаев, Әбуов, Ба-
зарбаева, Қошқаров, Тайлақбаев, Райымбекова, Татубаев т.б.] Ресейдің
белгілі ғылыми орталықтарына барып, кәсіби-тәлімгерлік тәжірибеден
өтіп, жаңа зерттеу әдістерін меңгеріп келіп жатты. Соның нәтижесінде
қазақ тілінің дыбыс құрамы мен оның жүйесіне деген жаңа көзқарас
қалыптасты, жаңа фонетикалық нәтижелермен толықты.
Қазақ фонетикасының әртүрлі бағыттары бойынша зерттеу жұмы-
старына зерттеушілердің жас ұрпағы (үндесім фонетика саласына – Нәз-
биев, Сәдуақас, Өтебаева, Талдыбаева, Асанова; үйлесім фонетика сала-
сына – Бәйімбетова, Баймұқанов, Исаева, Қайдарова, Молдашева, Ора-
залин, Аймырзаев; тарихи фонетика саласына – Әлімбаев, Жұмабаева;
салыстырма фонетика саласына –Андабаева, Ерубаева, Амалбекова;
әуен саласына – Фазылжанова, Аманбаева, Т.Кеншінбай, Ж.Кеншінбай;
жазылым мәселелері – Күдеринова; жазба мұрағаттар – Жұбаева, Ахым-
бек, Шнайдер; қолданба фонетика – Жексенғалиев, Зәуірбекова, Көкено-
ва, Ар.Жүнісбек, Үкібасова, Қаршығаева) келіп жалғастырып жатыр.
Ең бастысы, қазақ тілінің іргелі заңдылығы, үндесім (сингармо-
низм) құбылысы, зерттеу амалының негізіне айналды. Соның нәти-
жесінде қазақ тіліндегі екпін мен фонемаға деген көзқарас өзгерді,
үндесімнің жуан/жіңішке әуезі мен еріндік/езулік әуезі сингармо-
логиялық мәртебесі тең бірліктер ретінде қарастырылды. Қазақ тілі
дыбыстарының әліпби құрамының сыртында олардың үндесім және
үйлесім құрамы анықталды.
Жасалым (артикуляциялық) фонетикаға
зерттелімнің негізі ретінде көңіл бөлініп жатыр.
Қазақ тіліндегі кірме әріптердің дыбыс құрамының басы ашылып,
айтылымы (орфоэпиясы) тиянақталды.
12
Фонетикалық зерттеулердің жаңа нәтижесі негізінде жазу рефор-
масының жаңа жобасы ұсынылып отыр.
Үшінші дәуірге тән жетістік деп фонетикалық мұраларды пы-
сықтап, жетістіктерін жинақтап-жетілдіріп, жаңа зерттелім нәтиже-
лерін қосып, қазақ тілінің өзіндік бірегей белгілерін бағамдайтын жаңа
тұрпаттағы академиялық фонетика дайындалғанын және болашақта
оны толықтыра түсетін жаңа зерттелім нәтижелерінің үздіксіз жалға-
сын айтуға болады. Төртінші дәуір зерттеушілерінің ұстанымы үндесім
(сингармонизм) заңдылығы болды, сондықтан да бұл дәуірді
Достарыңызбен бөлісу: |