112
құбылыс үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы
(сингармонизм заңы) болып табылады.
Сонымен, буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылар-
дың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын
үндесім құбылысы
дейді.
Дыбыстарды (тағы да, дауыстыларды да, дауыссыздарды да) буын
не сөзге біріктіріп тұратын (фонологиялық) құрсауды (просодиканы)
үндесім
(үндестік – ескі атау жүйесі бойынша)
заңы
дейді.
Егер дыбыстардан буын құрап тұрса,
буын құрауыш
(просодика
слога), ал сөз құрап тұрса,
сөз құрауыш
(просодика слова) деп аталады.
Үндесім құбылысы төрт әуездің (жуан, жіңішке, еріндік, езулік)
араласымынан (комбинациясынан) пайда болады:
жуан езулік; жуан
еріндік; жіңішке езулік; жіңішке еріндік.
Үндесім әуезінің түрлерін белгілеу үшін арнайы дәйекшелер жүйесі
қабылданған (дәйекше әріптің оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады):
Достарыңызбен бөлісу: