115
ерін жазылып (езу тартып)
барып жасалады, ерін қатысына қарай
езулік
болып табылады.
Үндесім жасалым белгілері:
кейінді, езулік.
Жіңішке езулік дауыссыздар
: тіл ауыз қуысында ілгері жылжып
жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай
ілгерінді
,
ерін жазылып (езу тартып) барып жасалады,
ерін қатысына қарай
езулік
болып табылады.
Үндесім жасалым белгілері:
ілгерінді, езулік
.
Жуан еріндік дауыссыздар
: тіл ауыз қуысында кейін шегініп
жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай
кейінді
, ерін
дөңгеленіп (сүйірленіп) барып жасалады, ерін қатысына қарай
еріндік
болып табылады.
Үндесім жасалым белгілері:
кейінді, еріндік
.
Жіңішке еріндік дауыссыздар
: тіл ауыз қуысында ілгері жылжып
жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай
ілгерінді,
ерін дөңгеленіп (сүйірленіп) барып жасалады, ерін қатысына қарай
еріндік
болып табылады.
Үндесім жасалым белгілері:
ілгерінді, еріндік
.
Достарыңызбен бөлісу: