133
жоғарылы
дауысты дыбыс болып табылады.
Е
дыбысын айтқанда
ерін емеурін тартып тұрады. Еріннің қатысына қарай
емеурін езулік
дауысты дыбыс болып табылады.
Е
дыбысын айтқанда тіл ауыз қуы-
сының ілгергі жағына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай
іл-
герінді
дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты тілдің тік қалпына
қарай –
жоғарылы
, ерін қатысына қарай –
емеурін езулік
, тілдің көлде-
нең қалпына қарай –
ілгерінді
дыбыс.
7.5-
сурет. Е дауысты дыбысының үйлесім моделі
6.5-сурет. Е дауысты дыбысының үйлесім моделі
Үйлесім жасалым белгілері:
жоғарылы, емеурін езулік, ілгерінді
дауысты дыбыс.
Дауыссыз дыбыстар
Сөз буыннан (егер сөз бір буынды болса) немесе буындардан (егер
сөз екі не көп буынды болса) құралады.
Дауыссыз дыбыстар өздігінен буын құрай алмайтын болғандықтан,
тікелей сөз құрауға қатыса алмайды. Олар тек дауыстылармен бірігіп
барып қана буын деңгейінде сөз құрауға қатысады. Қазақ тілінің
дауыссыз дыбыстары 9 дауыстымен тіркесіп
барып буын құрамына
енеді. Сондықтан дауыссыз дыбыстардың жасалымы (артикуляциясы)
әрбір дауыстының жасалымымен үйлесіп барып буынға бірігеді. Бір
буын құрамындағы дауыссыз дыбыс жасалымының дауысты дыбыс
жасалымымен кірігіп, өзара
икемделуін дауыссыздардың
үйлесім
түрленімі
дейміз.
Қазақ тіліндегі 9 дауысты дыбыстың әрқайсысының өзіне тән
үйлесім белгілері бар. Ендеше, әрбір дауыссыз дыбыстың үйлесім
түрленімі сол дауыстылардың үйлесім белгілеріне тікелей байланысты
болады.
134
Сөйлеу үстінде дауыссыз дыбыстар
өздерінің негізгі жасалым
белгілерін тұрақты сақтап отырады. Дауыссыздың негізгі жасалым
белгілері қандай дауыстымен тіркессе де өзгермейді. Бірақ буын құрап
тұрған дауыстының ықпалымен дауыссыздың
негізгі жасалымының
үстіне үйлесім белгілер қосылады. Соның нәтижесінде дауыссыздар-
дың үйлесім аллофондары (варианттары) пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: