Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет106/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
лениндік әдіснамаға мойынсұнба ған 
әдебиетші-сыншылар, ғалымдар да 
кетті. Осыған байланысты «тұрпайы 
социологизмнің» дауылы бәсең тар-
тып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
жаңа әдіснама талаптарына сай жүр-
гізу қолға алынды. Заман тала бына 
сай әдеби мұраны игерудің жаңа 
проблемалары көтерілді. Ол проб-
лемалардың ең ірісі – қазақ фолькло-
ры мен әдебиетінің тарихын жазу, 
дәуірлеу мәселелері еді. Бұлар 1920 
жылдардағы мақалаларда сөз ара-
сында айтылып жүргенімен, әдебиет 
тарихын жазуға ғылыми тұрғыдан 
көңіл аударып, практикалық тұрғыда 
орындаудың кезі келгенде С. Сей-
фуллин 1929 жылы «Қазақ әдебиеті 
туралы» ашық хат жариялады. Онда 
қазақ әдебиетінің тарихын мектепке 
лайықтап жаңа заман талабына сай 
жасау мәселесін көтереді.
Қазақстанда бастауыш, орта мек-
тептердің көптеп ашылуы, педа-
гогикалық техникумдер мен учили-
щелер, 1928 жылы Қазақтың мем-
лекеттік университетінің ашылуы, 
оларда қазақ әдебиетінің пән ретін-
де оқытылуы қазақ әдебиетінің бір 
жүйеге түскен оқулығы мен тарихын 
жазуды талап етті. «Қазақ әдебиеті 
тарихынан университетте дәріс бе-
ріледі. Дәріс берілуі үшін тәртіпке 
қойылған аңғармен құрылған құрал 
боларлық қорытылған кітап керек» 
болды.
С. Сейфуллиннің қазақ әдебие-
тінің тарихын жазуға байланысты кө-
терген осы проблемалық пікірі ауыз 
әдебиеті үлгілерін жинау, жария-
лауды насихаттау мақсатында жазы-
лып жатқан сан түрлі мақалалардың 
бетін жаңа арнаға, ғылыми негізге 
қарай бағыттады. С. Сейфуллин қа-
зақ әдебиетінің ғылыми тарихын жа-
сау мәселесін 1931 жылы жазған «Ер-
тедегі жырлы әңгімелер, яки ноғайлы 
дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары», 
«Билер сөздері» атты мақалаларында 
жалғастырды. Оның бұл бастамасы-
на ақын-жазушылар, қазақ зиялыла-
ры қызу үн қосты. 
Егер де 1920 жылдары ауыз әде-
биетін жинау жалпылама түрде жүрсе, 
енді халық әдебиетінің ғылымдық 
тарихын жасау мақсатында белгілі 
бір жүйемен ғылыми-зерттеу жұ-
мыс тары жүргізілді. Соның нәти-
же сінде мектептер мен жоғарғы оқу 
орындарын оқулық, хрестоматия-
лармен қамтамасыз ету процесі бас-
талды. Осы игі қадамға Ораз Исаев-
тың фольклорлық мұра жайында 
ҚазАПП басқармасына жазған хат-
тары әдеби мұраға деген мемлекеттік 
қамқорлықты ғана көрсетіп қой май, 
әдебиет тарихын зерттеу барысына 
ай рықша назар аударды. «Көркем 
шы ғармалардың бәрі де байшыл шы-
ғарма деп, бәрін де іске алғысыз етіп 
тастаймыз деу дұрыс емес дей келіп, 
әдебиет зерттеушілерін әдеби мұраны 
біржақты бағалаудан сақтанды рады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет