Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет108/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ғылымының іргетасының берік қа-
лануына өз үлестерін қосты. 1931-
1932 жылы халқымыздың басына 
төнген нәубет – ашаршылық зар-
да бынан құтылып мәдениет сала-
сын дағы жұмыстар қайта жанда-
на бастаған кезде, халық ауыз әде-
биетінің тарихын жасауды қолға 
алған уақытта Сталиннің жеке ба -
сына табынудың қырсығынан қа-
зақ әдебиетінің көрнекті өкіл дері, 
әдебиетшілер, ғалымдар қуғын-сүр-
гінге ұшырады. Зерттеу жұмыс тары 
біржола тоқтап қалмаса да, ғылыми-
теориялық мәні терең білгірлікпен 
жазылған мақалалар 1939-1940 жыл-
ға шейін сиреп кетті.
Халқымызға, оның зиялы қауы-
мына зұлмат болып келген 1930 
жыл дарда ауыз әдебиеті нұсқаларын 
тексеру екі бағытта жүрді. Бірі – 
фоль клорлық мұраны жанрлық ерек-
шелігіне сай түрге бөлу, яғни класси-
фикация жасау болса, екіншісі – жеке 
нұсқаларды, әсіресе, батырлар жыры 
мен лиро-эпостық жырларды жеке-
леп жанрлық ерекшеліктеріне сай 
зерттеу.
Осы екі бағытты жеке алып 
қарастыратын болсақ, ауыз әдебие-
ті үлгілерін классификация жасауға 
орыс ориенталисттері талпынған мен, 
белгілі түрде М. Әуезовтің «Әде -
биет тарихы» (1927), Х. Досмұхаме-
дов тің «Қазақтың халық әдебие-
ті» (1928) және С. Сейфуллиннің 
1932 жылы жазылған «Қазақ әде-
биеті» атты еңбектерінен бастау 
ал ғаны даусыз. Осы үш еңбектегі 
жасалған классификация бойынша 
халық шығармашылығы енді са-
ла-салаға бөлініп зерттеле баста-
ды. Халық шығармашылығының әр 
түрі тақырыптық, жанрлық, компо-
зициялық ерекшеліктері тұрғысы-
нан жеке зерттеу нысанына айнал ды. 
Қазақ ауыз әдебиетінің мол мұра-
сына 1920 жылдардың бас кезінен 
бас тап зерттеушілік мақсатта көңіл 
қо йып, бірталай ғылыми мақала жаз-
ған М. Әуезовтің Л. Соболевпен бірі-
гіп жазған мақалалары, қазақ фоль-
клорын бүкіл кеңес еліне ғылыми-
теориялық тұрғыдан таныстырған 
құнды еңбектер болды. «Эпос и 
фольклор казахского народа» деп 
ата латын мақалада авторлар қазақ 
ауыз әдебиетінің барлық жанрларын 
қысқаша сөз ете отырып, әр жанр-
дың өзіндік ерекшелігін және түрле-
рін, халық өміріне қарым-қатына-
сын ғылыми түрде баяндауды мақ сат 
тұтқан. «Басты-басты сипаттары-
на меңзеп бірнеше топқа, бірнеше 
түрге жіктемейінше, қазақтың халық 
творчествосының аса бай мұрасын 
талдау мүмкін емес. Осы зерттеу-
де біз сондай жіктеу жасауға талап 
қыламыз» дей келіп, қазақ фолькло-
рына классификация жасап, әрқайсы-
сын жекелеп қарастырды. Авторлар 
қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанр-
лық жақтан жүйелеуде М. Әуезовтің 
1927 жылы «Әдебиет тарихы» оқулы-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет