Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет111/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жырлардың қазақ ауыз әдебиетіндегі 
алатын орнын көрсету мақсатын-
да қазақ эпосының халықтық, қо-
ғамдық, әлеуметтік өмірдегі тарихи 
оқиғаларға қарым-қатынасы мен әр 
жырдың шығу тарихын анықтау ар-
қылы жалпы эпостық жырлардың 
туа бастау дәуірін белгілеу қажетті гін 
проблемалық мәселе етіп көтере ді. 
«Қобыланды батыр» жырын лиро-
эпостық жырларға қоса қарасты руы 
мен эпикалық жырларды жалпы лама 
сөз етуі сияқты жетіспеушілік тері-
не қарамастан Б. Кенжебаев мақа-
ласы батырлар жырын зерттеуде аса 
қажетті өзекті бір ойды дер кезінде 
талқыға ұсынды. Ол – сол кезеңде 
батырлар жырының көбінде кездесе-
тін ноғайлы елі, ноғайлы заманы де-
ген сөздерге байланысты батырлар 
жырының бәрі де тек осы ноғайлы 
дәуірінде туды деген ұғымға қарсы 
пікір. Автор эпостық жырлардың та-
рихи оқиғаға қарым-қатынасын тү-
сіндіруде бір жақты кеткенімен, осы 
мәселені көтеруі қазақ эпостық жыр-
ларын зерттеуді жаңа арнаға, яғни 
тарихи дәуір мен тарихи оқиғаларға 
қарым-қатынасына сай алып тексеру-
ге бағыттады. М. Ғабдуллин, Ә. Мар -
ғұлан өз мақалаларында жалпы 
фоль клордың халықтың өмір-тір ші-
лігіне байланыстылығына тоқтала 
келіп, эпикалық жырлардың тари-
хи оқиғалар шежіресі ғана емес, 
өз дәуірінің кескін-келбетін білді-
ретінін, көп нұсқаларының пайда бо-
луында ақын, жыршы-жыраулардың 
атқаратын еңбегін, тіл көркемдігін 
ғылыми түрде жан-жақты қарас ты-
рады. Эпостық жырларды жалпы-
лама сөз етуден гөрі нақты бір жыр-
ды алып жеке зерттеудің әр жанр 
табиғатын танытудағы рөлінің зор 
екенін айта келіп М. Ғабдуллин өз 
пікірін «Қобыланды батыр» жырын 
талдау арқылы білдірсе, Ә. Марғұлан 
батырлар жырының шығу төркіні 
белгілі бір тарихи уақиғамен ғана 
шектеп қоюдың мүмкін еместігін, 
оларда халықтың сан ғасырдағы 
өмір тіршілігінің белгісі бар екенін
сондықтан бірнеше ұрпақтың шығар-
машылығын көруге болатынын «Ал-
памыс жыры» төңірегінде айтқан 
ой-пікірлері арқылы дәлелдейді. Осы 
мақалаларда эпостық жырлардың 
сюжеттік құрылысы, көркемдік ерек-
шелігі, оқиға ұқсастықтары мен 
эпикалық формаларына көп көңіл 
аударылған. 
М. Ғабдуллиннің эпостық жыр-
ларды жекелей зерттеп, ғылыми 
нақты талдаулар жасау керек деген 
пікірі 
әдебиетші-зерттеушілердің 
арасында қолдау тапқанын байқай-
мыз. Батырлар жырына байланысты 
С. Мұқановтың, М. Ғабдуллиннің
Б. Кенжебаевтың, Қ. Жұмалиевтің, 
Ә. Марғұланның ғылыми зерттеу 
мақалалары жарық көрді. «Қо бы-
ланды батыр» жырының тарихи 
шығу негізі туралы М. Әуезовтің 
«Қо быланды батыр» жыры ХVІ ға-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет