Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет11/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
әдеби мұраны игеру саласындағы 
жұ мыстардың үлкен олжасы болды. 
Бұл әдеби мұраны жинау-жариялау-
дың осы кезде ерекше қарқынмен 
жүргізілгенін танытады.
Әдеби мұраны жинап-жария лау-
дағы осы алғашқы ізденістер мен 
табыстар қазақ зиялыларының енді 
бір тобының әуелі түсіндірмелік, та-
ныстырмалық сипатта пікір айтуын 
туғызды да, кейін ол ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірге ұласты. Сон-
дықтан ХХ ғасыр басында көрінген 
қазақ фольклористерінің үшінші то-
бына халық ауыз әдебиетінің үлгіле-
рін жариялаумен шұғылдануымен 
қатар, оны ғылыми тұрғыда зерттеу 
жолында еңбек еткен зерттеушілер-
ді жатқызамыз. Бұлар филологиялық 
мектептің зерттеу әдіс-тәсілдерінен 
қарағанда тарихи-мәдени мектепке 
тән бағыттағы зерттеу талабына сай 
еңбек етті. Батыста француз ғалымы 
И. Тэн (1828-1893) негізін салған бұл 
мектептің зерттеу әдісі Ресейде ака-
демик А. Н. Пыпин (1833-1904) та-
рапынан қолдау тауып, әдеби мұраны 
зерттеуде тарихилық принципін бас-
ты негізге алған болатын.
Әдеби мұраның тарихилығы қа-
ғидасы ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сында М. Бабажанов, Б. Дауылбаев, 
Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ы. Алтын-
сарин, А. Құнанбаев еңбектерінен 
бастау алса, енді ол ХХ ғасыр ба-
сында Ә. Бөкейханов, О. Әлжанов. 
Р. Дүйсенбаев, А. Құрманбаев, Д. Сұл-
танғазин, Ш. Құдайбердиев, М. Ж. Кө-
пеев тағы басқалардың фольклор та-
ну саласындағы тарихи-этнография-
лық мақалалары мен еңбектерінде 
көрі ніс тапты. Бұлардың бәріне бір дей 
тоқталып жату мүмкін емес және олар 
қазақ фольклористикасының тари-
хын тексерген еңбектерде қарасты-
рыл ды. Әйтсе де оларда ғылыми-зерт-
теу шілік ой-пікірдің методология-
лық мәселелерінің қандай дәрежеде 
көрініс тапқаны мақсатты түрде қа-
растырылмағандықтан, ғылыми си-
патына тоқтала кету артық болмайды.
Бұл әдебиетші фольклористердің 
еңбектерінде әдеби мұраның та-
рихилығы принципі екі түрлі ба-
ғытта көрінді. Біріншісі – тарихи-
этнографиялық сипаты басым ең-
бектер. Бұл ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің бір сипатын, яғни зерт-
теуге деген ұмтылыстың ғылыми 
ар наға ұласар жолындағы ізденістің 
көрінісін танытады. Олардың мақа-
лалары фольклордың тұрмыс-салт 
жырлары және мақал-мәтел, жұм-
бақ секілді жанрларына арналуы, 
эт нографиялық сипаттың басым бо-
луына әсер еткен. Сол сияқты эпи-
калық жырлар мен қиссаларды кі тап 
етіп бастырып шығару барысын да 
тарихи-этнографиялық сипат басым 
болғанын аңғару қиын емес. Мы-
салы, Т. Сейдалин мен С. Жан тө-
рин құрастырып шығарған «Қазақ 
өлең дері» атты фольклорлық жинақ 
сол кездегі елеулі оқиға болды. Құ-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет