І БӨЛІМ.
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
лық мұраның көптеген үлгілері жи-
налды, жарияланды, ғылыми тұрғы-
да зерттеу жұмысы қолға алына бас-
тады. Бірақ, оларда ең құрығанда
қазақ фольклорының толыққанды
клас сификациясы да жасалған жоқ.
Сон дықтан С. Қасқабасовтың бұл пі-
кірі шындыққа сай келмейді. Әдеби-
тарихи, әдеби-теориялық бағыттағы
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір өз са-
лалары бойынша ізденістерге енді
қадам басып жатқан уақытта, фоль -
клорды толық зерттеп біттік деу-
ге болмайды. Фольклортануды әде-
биеттану ғылымының пәндері қата-
рына жатқызбағанымызбен, оны да
зерттейтін сол ұлттың әдеби-тарихи
және әдеби-теориялық бағыттағы ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірі екенін
ұмытпаған абзал. Біздің ойымызша,
қазақ фольклористикасы ғылымы-
ның туып, қалыптасу кезеңі ХХ ға-
сыр дың алғашқы жартысының ен-
шісінде. Ал бұл кезеңде сол болашақ
зерттеу лерге ұласатын ғылыми із-
деністер дің алғашқы соқпағы салын-
ды, фольклорлық мұраның мол қоры
жасалды.
Фольклорлық мұраны жинап-жа-
риялауда табысты қадамдар жаса-
луына алғашқы қазақ баспасөзінің
қосқан үлесі аз емес. Орыс тілінде шы-
ғып тұрған басқа да баспасөз орында-
рымен қоса, «Дала уалаятының га-
зеті» әдеби мұраны молынан жа-
риялады. Бұлар әдеби ғана емес,
қо ғамдық және саяси-әлеуметтік
ой-пікірдің орталығы болды де-
сек, артық айтқандық емес. «Жалпы
«Дала уалаятының газеті» 15 жыл
ішінде, шамамен 704 рет шыққан,
оның 331 номерінде фольклорлық
материалдар жарияланған» болса,
XІX ғасыр соңы мен ХХ ғасыр ба-
сында бұл үрдіс ерекше қарқын
алды. Бұл дегеніміз ауыз әдебиетінің
қыруар байлығының хатқа түсіп,
зерттеушілік бағытта жұмыс жүр-
гізіліп жатқанын көрсетеді. Сонымен
қатар, газет бетінде әдеби мұраны
жинап-жариялаудағы негізгі мақсат
туралы мәселенің бетін ашуға де-
ген пікірталастың тууы да ұнамды
құбылыс болды. «Қыр баласының»
(Ә. Бөкейханұлы) фольклорлық шы-
ғармаларды жариялаумен шектел-
мей, әдебиет тарихына да көңіл ау-
даруды ұсынып, ақын-жыраулар
шы ғармаларын бастыруды қолға алу
ке ректігі туралы ұсынысы әр түрлі
көзқарастағы пікір айтылуына себеп
болды.
Ә. Бөкейханов ұсынысына бай-
ланысты оны жақтап Х. Сеңгірбаев
және «Ш. Ч.» деген автордың, оларға
қарсы А. Шонаев, Е. Наурызбаев-
тардың пікір білдіруі, әдеби мұраны
игеру мәселесі бүкіл халықтық си-
пат ала бастағанын байқатады. Со-
нымен қатар, газеттер әдеби білімді
насихаттауға, таратуға еңбек сіңірді.
Осы кезде жарық көрген кітаптар
мен оқулықтарға жазылған қысқаша
хабарлама, рецензия, әр түрлі сипат-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|