Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет15/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Бұлар келіп әдеби мұраны ғы лыми 
тұрғыдан тану мәселесін күн тәр-
тібіне қойды. 
Ұлттық әдебиеттану ғылымының 
алғашқы бастаулары болып табыла-
тын тарих алдындағы алғышарт тарға 
толы XІX ғасырдың ІІ жарты сында-
ғы ғылыми-зерттеушілік ой-пі кірдің
Шоқан, Ыбырай, Абай сияқ ты ке-
меңгерлердің тұлғасынан жал ғастық 
тапқан осындай ғылыми танымдық 
биіктіктерге қол соза бастағанын 
айтқан уақытта, алғашқы қазақ бас-
пасөзінің сіңірген еңбегінің зор 
болғанын атап көрсету керек. Шын 
мәніне келгенде, олар ояна бас таған 
қоғамдық, саяси-әлеуметтік, педаго-
гикалық-ағартушылық, сыншылдық-
эстетикалық ой-пікірдің орталығы 
болды. Оқу-білімге, мәдениет пен 
өнерге, ғылымға деген ұмтылысты 
күшейтті, әр түрлі дәрежеде білім 
алған қазақ оқығандары мен ел 
ішіндегі парасатты ақыл-ой иелерін 
ұлт мүддесі үшін қызмет жасауы-
на бағыт берді. Жаңа туған жазба 
әдебиетті, Абайдан басталған сын -
шыл реализмді, ағартушылық ба-
ғытты насихаттау арқылы әдебиет-
тің көркем өнер саласы ретіндегі 
қоғамдық мәнін өсіре түсті. Ұлттық 
сыншылдық-эстетикалық ой-пікірге 
кең өріс ашты. Қоғамдық әлеуметтік 
мәселелермен қатар, әдебиет және 
тіл туралы өзекті мәселелер көтере 
алған сыншылдық ой-пікір мәнді 
арна табуға ұмтылыс жасау барысын-
да әдебиетті ғылыми тұрғыда тану 
проблемасын кейде нақты, кейде 
жанама түрде болса да айтып қалып 
отырды. Сонымен қатар, ғылыми 
тұрғыда жүйелі болмаса да мұраны 
жинап-жариялау жұмыстарына бүкіл 
халықтық сипат тудырды, көптеген 
әдеби нұсқаларды жариялады, олар-
дың ғылыми зерттеле бастауына мұ-
рындық болды. 
Міне, осы айтылғандардың бар-
лығы басты мәселеге, яғни ХХ ға-
сыр басындағы ұлттық ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің әдеби-теория-
лық, эстетикалық талап-талғам мен 
таным-білікті көтеру арқылы фило-
логиялық білімдер жүйесінің кеңі нен 
таралуына шешуші жағдай туғыз ды. 
«Дала уалаятының газеті» ел ішін-
дегі мектептердегі оқыту жайы, қазақ 
тілінің тазалығы, оның емлесі және 
ережелерін жасау, орыс алфавиті не 
көшу, араб тілінде төте оқу секілді 
мәселелерге арналған мақалаларын-
да тіл білімінің өзекті мәселелерін 
көтере алуы оған айқын дәлел. 
ХХ ғасыр басында қазақ баспасөзі 
әдеби-теориялық және сыншылдық 
ой-пікірдің кең өріс алуына ық пал 
жасады. «Дала уалаятының газетін» 
шығарушы тұңғыш журналистер 
А. Құрманбаевтың, О. Әлжанов тың, 
Р. Дүйсенбаевтың, Д. Сұлтанға зин-
нің тіл мен әдебиет туралы пуб-
лицистикалық мақалаларында қазақ 
тілінің тазалығын сақтау проблема-
сы өте қатты көтерілді. Ал тіл таза-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет