Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет23/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
родному творчеству. Тем не ме нее 
эти два момента не определяли спе-
ци фики научной системы в лите рату-
роведении, так как носили слишком 
обший характер», – деп жаза ке-
ліп, әдебиет тарихын зерттеуде та-
рихилық принципін туғызуға себеп 
болатын ұлттық поэзияның ерте ке-
зеңіне көңіл аудару керек екенін атап 
көрсетеді [7, 12].
Ғылыми бағалаушылық мәні ба-
сым мақалалардың жазылуы, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының тарих 
алдындағы кезеңі үшін өте қажетті 
проблеманы қолға алуға қозғау сал-
ды. Ол ұлт әдебиетінің көрнекті 
өкіл дерінің шығармаларының баспа 
жү зін көруі, яғни кітап етіп шығару, 
әдеби жинақтар шығару мәселесі еді. 
Ол баспасөз бетінде: «Ұзақ жақсы 
әңгімелерді кітап бастыратын орынға 
жіберіп, кітап қылып бастырған жа-
рар еді. Газетке өлең мен ертегінің 
қысқарақ, ғибрат алуға лайықтысын 
жазса жарар еді», – деген сипатта 
айтылмай да қалмады.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің 
жинақтары, лиро-эпостық жырлар, 
батырлық жырлар, қиссалар, шежі-
релер, аңыз-хикаялар баспа жүзін 
көруі кітап бастыру жұмысының бір-
шама жолға қойылғанын байқатады. 
ХІХ ғасырда жарық көрген 260 кі-
таптың бірнеше мың данамен жа -
рық көруі эстетикалық талап-тал-
ғам ның өсе түсуіне әсер етумен 
қатар, филологиялық білімнің тара-
ла бастауына ықпал жасады. Өйт-
кені, бұлардың қатарында таза әдеби 
үлгілермен қатар әртүрлі хресто-
матиялар, сөздіктер, оқып-жазуға үй-
рететін құралдар, әліппелер мен оқу 
құралдары т.б. бар еді. Сонымен қа-
тар, әдебиет тарихына тікелей қатыс-
ты классикалық мұрадан жеке ақын-
жыраулар шығармаларының кітап 
бо лып шығып, оқырман қолына тиюі 
құптарлық құбылыс болды. Әсіресе, 
XІX ғасырдағы бұл үрдіс ХХ ғасыр 
басында ерекше қарқын алды. Қазақ 
әдебиетінің ерте дәуірінің өкілде рі-
нің шығармаларының шығуы тарихи 
танымның өсе түскенін көрсетеді. 
С. Бақырғанидің шығармалары «Ха-
кім ата» (1846, 1857, 1858, 1888), 
«Тағы ғажап» (1856), «Әулие Мария 
туралы кітап» (1878) деген атпен, 
Абу Әли ибн Сина шығармалары 
«Хикмет сөздер» (1864, 1886, 1889), 
«Ибн Сина қиссасы» (1881) деген 
атпен және Қожа Ахмет Яссауидің 
«Диван и Хикметі» (1893, 1901), софы 
Аллаярдың «Мұрад алғарифині» 
(1859, 1895), Ш. Баһауддиннің «Тән 
азығы кітабы» (1865), Нәсреддиннің 
«Қисса Рубғұзы» (1859, 1891) шығуы 
оған айқын дәлел. Әдебиеттің ке-
йінгі дәуірлеріндегі шығармалар да 
назардан тыс қалған жоқ. Ғаб долла 
Мұштақтың (Ғ. Қарашев) «Көк-
селдір», «Шайыр яки қазақ ақын-
дарының басты жырлары» (шыққан 
жылдары белгісіз) жинақтарында 
Шалкиіз, Жанұзақ жырау, Асан қай ғы, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет