Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет24/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Қазтуған жырау, Байтоқ ақын, Шәң-
герей Бөкеев өлеңдерінің жарық кө -
руі, оларды танытуды ғана емес, зерт-
теу мақсатында жинастыру жұмыс-
тары да жүре бастағанын көрсетеді. 
Ғасыр соңында Д. Бабатайұлының 
«Өсиетнаме» (1880, 1897), Ш. Қанай-
ұлының «Шортанбайдың бала зары» 
(1888, 1890, 1894, 1897) қайта-қайта 
басылуы сол кездегі отаршылдық 
саясатқа сай саяси-әлеуметтік жағ-
дайға байланысты халық сұраны-
сын бір байқатса, екіншіден, ұлт 
әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде 
танылулары да біршама жоғары 
болғаны көрінеді. Ақын-жазушылар 
шығармаларының кітап болып шы-
ғуына орай нақты зерттеушілік ой-
пікірдің туа бастауына бұлар туралы 
жазылған сын мақалалар, рецен-
зиялар жетекші роль атқарды. Олар 
классикалық мұраны жариялаған 
әде би жинақтарды немесе ақын-жы-
раулар кітаптарын сыншылдық тұр-
ғыдан қарап бағалаушылық мәндегі 
пікірлер де білдіріп отырды. Негізі-
нен ХХ ғасыр басында сыншыл-
дық-эстетикалық таным ғылыми-
зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-
пікірмен тығыз араласып, бұлар бір-
бірін толықтыра, сабақтаса дамыға-
ны байқалады. Оның ішінде туу дә-
уірінде тұрған сыншылдық ой-пікір 
өзінің жетекшілік ықпал жасауымен 
ерекшеленеді. Өйткені, «бұл кезең де-
гі әдеби сын элементтері әлі де болса 
жалпы саяси-экономикалық, тарихи-
әлеуметтік мәселелермен қабаттаса 
айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы 
бар екендігін» танытқан болатын. 
Осы жалпы мәселелермен қоса, сын-
шылдық ой-пікір әдеби мұраны ғы-
лыми тұрғыда қарастыру жайына 
жиі-жиі барып тұруы заңды екені 
айтпай-ақ түсінікті. Себебі, ғылыми-
зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-
пікір секілді, әдеби сынның да басты 
сөз етер нысанасы әдеби мұра еді.
Классикалық мұраны игерудегі 
ендігі бір игі қадам ақын-жазу-
шылардың өмір жолын жазу ар қы-
лы шығармашылық мұрасына бару 
болды. Бұл бағыттағы алғашқы бас -
таманы «Түркістан уалаяты ның 
газеті» салған еді. Газет редак то ры 
Шаһмардан Ибрагимов Жетісу ге-
нерал-губернаторы фон Кауфман-
ның Ш.Уәлиханов басына құлпытас 
орнату туралы жарлығын жариялау 
барысында ұлы ғалымның кім еке-
нін қазақ еліне танытуды өзінің па-
рызы деп білген де ол туралы ғұ-
мырнамалық сипаттағы мақала жа -
рия лаған. Рас, мақалада Шоқан ең -
бек теріне ғылыми-зерттеушілік тұр ғы-
дағы көзқарастан гөрі, оның орыс 
пен қазақ ортасына бірдей сый-
лы екендігін тілге тиек ету арқылы 
ғалымдық, өнерпаздық тұлғасын 
та ныту басым. Мақала авторының 
ұлы ағартушының өмірін жақсы бі-
ле тіні айқын танылып тұрғанымен, 
еңбектерінің ғылыми мәні туралы 
нақты ой-пікір білдіре қоймаған. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет