Тақырып: Математикалық даму үрдісін ұйымдастыру



Дата07.02.2022
өлшемі39,11 Kb.
#97719
Байланысты:
6 лек


Тақырып: Математикалық даму үрдісін ұйымдастыру

Жоспар:
1. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы


2. Балалардың жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар.

Даму барысында бала биологиялық индивид ретінде, адам жеке адам ретінде адамзат қоғамның мүшесіне айналады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен және жай ғана сандық көрініс емес, даму ең алдымен, айналдағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.


Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.[1]
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы «жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата – аналар арасындағы бірлескен іс - әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру. Биологиялық фактормен баланы қоршаған орта факторларының арасында өзара тығыз байланыстылық болады. Өмірді мақсатты түрде ұйымдастыру арқылы ғана баланың табиғаттан ала келген қасиеттері дамытылады. Тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқымқуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер ете алады.[2]
Сонымен тәрбие баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап отырады:
а) белгілі бағытта баланың өмірі мен іс - әрекетін ұйымдастырады.
ә) ортадағы жағдайлардың дамуына қажетті материалды іріктейді.
б) жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.
Тұқымқуалаушылық – жас ұрпаққа ата – аналар бойындағы биологиялық ұқсастықтың берілуі. Генетиканың қазіргі түсінігі бойынша тұқымқауалау дегеніміз – барлық ағзаның өз ұрпағында өздеріне ғана тән биологиялық синтезді және зат алмасуды қайталап отыруы.
Тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата – анасынан немесе ата – бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқымқуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің өмірінің тарихын анықтайды.
Жеке адам деген ұғымға келсек, ол әлеуметтік ортамен алуан түрлі әрекеттердің әсерімен адам бойында қалыптасатын қасиеттерді қамтиды. Ортаның әсері туралы сөз болғанда, әлеуметтік, яғни нақ сол қоғамдық саяси формацияғва қоғамдық қатынастардың жиынтығымен айқындалатын орта айтылады. Әлеуметтік орта ұғымға қоғамның тұрмыс жағдайы, оның экономикасы, қоғамдық және мемлекеттік құрлысы, өндірістік қатынастар жүйесі және адамдардың белгілейтін өмір салты енеді.[3]
Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер ееді- адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік – экономикалық тарихи қалыптасқан жағдай. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта дегеніміз – адамға әлеуметтік – экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы. Микро орталық дегеніміз- баланың ең жақын қарым – қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына белгілі бір мөлшерде, табиғи және географиялық орта, табиғат жағдайлары да әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А. Б. Акпаева, Л.А .Лебедева. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Алматыкітап баспасы .2012жыл

  2. Ж. Рсалина. Мектепке дайындық .2007жыл



«Математикалық даму үрдісін ұйымдастыру» ақпараттық жоба

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет