Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет22/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
ой-пікір айтарлықтай нәти жеге қол 
жеткізгенін байқауға болады. Оны 
анықтау үшін әдебиет тари хына, 
оның көрнекті өкілдерінің шығарма-
шылығына қатысты жинау-жария-
лау, зерттеу саласындағы еңбектер-
ді ұлттық әдебиеттану ғылымын 
тудыруға тигізетін ықпалына орай 
бірнешеге бөліп, қандай бағыттар-
да жүргізілгенін білудің мәні зор. 
Бұл біріншіден, әдебиет тарихын 
зерттеудің арғы бастауларының қай-
дан өріс алғандығын танытса, екін-
шіден, ұлттық әдебиеттану ғылымы 
туу дәуіріне классикалық мұраны 
игеру барысында қандай дайын дық-
пен келгендігін дәлелдейді. Біздің 
ойымызша, классикалық мұраны иге-
руде ғылыми-зерттеушілік ой-пікір 
үш түрлі бағытта танылды.
1. Ғылыми бағалаушылық мәні ба-
сым зерттеушілік ой-пікірлер.
2. Әдеби мұраны жинап-жариялау, 
бастырып шығарудағы ізденістер.
3. Ғұмырнамалық сипаттағы зерт-
теу лер (биографизм).
Фольклорлық аңыз, әпсана, хикаят, 
тарихи жылнамалар мен шежіре-
лерде бірлі-жарым болса да әдебиет 
өкілдерінің аталуы, халық ауызында 
авторы белгілі ән-өлең, жыр-тол-
ғаулардың жүруі бағалаушылық мән-
дегі ой-пікірдің оянуына себеп бол-
ды, олар туралы қызығушылықты, 
өнер паздық тұлғасын танытуға де ген 
ізденісті туғызды. Бұл келіп олар-
дың халық тарихындағы, әдебиет пен 
мәдениетіндегі орны қандай деген 
бағыттағы түсіндірмелік зерттеулер 
жасауға әкелді. Ең маңыздысы бұл – 
бағыттағы ізденістер қазақ халқының 
фольклордан бөлек әдебиеті бар екені 
туралы танымдық мәні бар ұғым 
тудырды. Рас, бұл бағыттағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің фольклор 
мен әдебиеттің айырмасын анықтау-
ға өресі жете бермеді. Оған әлі ерте 
де еді. Сондықтан фольклор мен әде-
биет тарихының мәселелері араласа 
жүрді. Бұл бағыттағы мақалалар да 
тарихи-этнографиялық сипаттың ба -
сым болуы және сыншылдық-эсте-
тикалық ой-пікір мен ғылыми-зерт-
теу шілік көзқарастың қатар жүруі де 
сондықтан. Алайда, қазақ әдебиеті 
тарихының көрнекті өкілдері сөз 
болуы барысында олар туралы ғы-
лыми бағалаушылық мәндегі ой-
пікір айтылмай қалмады. Әдебиет та-
рихының нақты зерттеу нысанасына 
айналмауынан бұл бағыттағы ой-
пікір жалпыламалық мәннен аса 
алмады. Бұл турасында орыс ғылымы 
Л. М. Крупчанов: «Однако в истории 
культурно-исторической школы был 
период неосознанных, стихийных 
тенденций, когда преобладала лите-
ратуроведическая практика. Эта прак-
тика наметилась еще в трудах пи -
сателей и ученых XVІІІ века и ха-
рак теризовалась двумя моментами. 
Преж де всего – это был интерес к древ-
нему периоду отечественной поэ-
зии... Второй момент – интерес к на-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет