1. VI-VII ғасырлардағы ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж. Баласағұн, Әбу-Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымдамасы



бет1/12
Дата18.06.2020
өлшемі40,93 Kb.
#73893
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Этнопед, 30.05
11.05.2020ж инклюзив тапсырма2


1.VI-VII ғасырлардағы ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж.Баласағұн, Әбу-Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымдамасы.

Әбу Наср әл-Фараби-Аристотельден кейін дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Туған жері – ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Сырдария бойындағы Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» (түрікше Қарашоқы) деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру ішін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Ал оның мұсылманша

толық аты-жөні – Мұхаммед ибн Узлағ Тархани.

Әл-Фараби:


  • «Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу».

  • «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген.

  • Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:

  • Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;

  • Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;

  • Сабақ процесінің алатын орны.

  • Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.

Әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық принциптердің өзара байланысы


Әдіснамалық негізі

Оқыту принциптері

Білім топтамасы мен мазмұны туралы ілім

Жүйелілік пен бірізділік

Парасат жайындағы ілім

Саналылық

Заттардың адамның сезім мүшелеріне әсері туралы ілім

Көрнекілік

Ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық мәні туралы ілім

Теория мен тәжірибенің байланысы

Таным теориясы

Ғылымилық

Ізгілендіру ілімі

Оқытудың тәрбиелік сипаты

Әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні


Тәрбие заңдылықтары

  • «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»;

  • «Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды»;

  • «Адамдар туралы айтсақ, оларды қосатын, байланыстыратын дәнекер, тұтқа – адамгершілік болып табылады. Сондықтан адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан, өзара бейбітшілік, татулық сақтауы ләзім».

  • әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні, тәрбиенің мақсаты: «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек. Ол үшін ақылгөй ұстаз керек».

  • Тәрбиенің мазмұны: Адамгершілік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой, патриоттық, имандылық, дене тәрбиесі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет