Тренинг Тақырыбы: «Адамгершілік-асыл қасиет» Міндеті



Дата07.12.2022
өлшемі15,87 Kb.
#161792
Байланысты:
адамгершілік тренинг


Тренинг
Тақырыбы: «Адамгершілік-асыл қасиет»
Міндеті:

  • Топтық құрылым және процестерді дамыту;

  • Сыныпта жағымды топ ішілік ахуалды қолдау;

  • Топтағы психологиялық қысымды алу және жағымды қатынас орнату;

  • Балалар қоғамының бірігуін және ұйымшылдығын дамыту;

  • Әр тәрбиеленушіге жеке қатынас орнату.

«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады. Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман ) Ізгі ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары: қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.
Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау - халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз..
Сондай ақ күнделікті өмірде қолданылатын сиқырлы сөздер де бар, біз оны жиы айтамыз.


Тренингтің жүрісі:
Кіріспе бөлімі:
Қайырлы тан достар! Көңіл – күйлерің қалай? Ендеше, жұмысымызды бастайық.
Қазір сәл бой жазып алайық. Ол «Саяхат» деп аталады. Бұл бой жазуымыздың мақсаты эмоционалды демалу, жағымды ой туғызу , бойымыздағы үрейді алу болып табылады.
Формасы: жүргізушінің кіріспе сөзі.


Процедура: 5 мин.
Көздеріңді жұмыңдар, ыңғайланып отырыңдар, еркін дем алыңыз және көз алдарыңа елестетіңдер. Сіздер көктемнің жадыраған бір күні алма бағында жүрсіздер, алқызыл гүлдердің хош иісіне таңданып, алаң бойымен жайлап келе жатырсыздар. Жіңішке жол бойымен жүріп келе жатып, есікке келдіңіз, оны аштыңыз, хош иісті жасыл алаңға кезіктіңіз. Жер жұп – жұмсақ, жан – жақта құстар үні естіледі, жұмсақ самал жел сенің бетіңді, шашыңды еркелете сипайды.
Алдарыңда көл... Су тап –таза , мөп - мөлдір. Сіз жайлап аралға келе жатырсыз, міне, сарқырамаға жеттіңіз.. Сіз оған кірдіңіз, су ағыны сізді тазалайды, сізге күш, қуат береді. Сарқыраманың асты - үңгір, тып – тыныш, жайлы, сіз онда жалғысыз. Ал енді кейін қайту керек. Ойша манағы жолмен кейін қайтыңыз, алма бағынан шығыңыз, сонда ғана көзіңізді ашыңыз.
Сұрақтар:

  1. Сен көзіңді жұмған кезде, сенің көзіңе не елестеді?

  2. Сен қандай сезімде болдың?

Формасы: аутотренинг 5 мин.
Құрал – жабдықтар: жәй әуен.


Ойын: «Айтуға тәуекел байла» 8 мин.
Бұл ойнымызда осы себеттегі карточкаларды таңдап алып, аяқталмаған сөйлемнен өзі туралы бір нәрсе айтуы қажет. Сіздердің міндеттеріңіз мағынасына қарай сөйлемді аяқтау . (Бұл ойын балалардың бір – бірін жақсы білуіне көмектеседі.)

  1. Мен ... деп түсінемін.

  2. Қазір мен ... сезінемін.

  3. Бәрінен де мен ...

  4. Менің ең жақсы қасиетім...

  5. Жақсы дос ... ерекшеленеді.

  6. Басқа адамдар мені ...

  7. Мен ... жасай алғым келеді.

  8. Мен ... қол жеткіздім.

  9. Мен ... жек көремін.

  10. Мен көңілсіз боламын...

Формасы: Жаттығу : «Айтуға тәуекел байла»
Қажетті материалдар: тапсырмасы бар карточкілер.


Ойын: «Көршіңе қуаныш сыйла» 5 мин
Рахмет балалар, ал қазір мен сендерге ммына қолымдағы жүрекшелерді таратамын. Ал сендер бұл жүрекшелердің екінші бетіне өздеріңнің жаныңда отырған парталас достарыңа жылы тілектеріңді жазып, оны сыйға тартасыңдар. Ендеше ойнап көрейік пе?
Жарайсыңдар, сендер өте жақсы ойнадыңдар.
Сұрақтар:

  1. Ойын кезінде не сезіндің?

  2. Жақсы сөз айту саған қиын болды ма? Неге?

  3. Сен жақсы сөздерді жиі айтасың ба? Кімге айтасың?

Формасы: ойын «Көршіңе қуаныш сыйла»
Қажетті материалдар: қағаздан қиылған жүрекшелер.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет