Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.
Автономия (грек аutonomia- өзін-өзі басқару, тәуелсіздік)-1)Бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болуы.
Автонды халық-тұрғылықты, жергілікті халық.
Авиация өнеркәсібі-өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдерімен авиация техникасын жасайтын саласы.
Азамат соғысы- мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтармен топтар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.
Азаттық-1950 ж Мюнхеньде «бостандық» деген атпен халықаралық большевизмнен құтқару қоғамы құрған радиостансаның ізбасары.
Алыпсатар-өнімдерді сатып алып, қайта қымбат бағамен ұстаумен шұғылданатын сауда капиталының өкілі.
Аннотация-кітаптың,мақаланың мазмұнын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.
Анархист-басшысыздық, өкіметсіздік.
Ат тұлдау-қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін құр жіберу (мінбеу),асына сою.
Ауыздық- жүгеннің ат ауызына салынатын темір бөлігі.
Ауылбасы- ауыл билігін жүргізетін адам.
Акционерлік қоғам- жарғылық қоры акцияға бөлінген кәсіпорын.Оған қажет капитал акцияны сату жолымен жиналады.
Аренда- (жалдау, жалгерлік) лат. тіл.,-шарт бойынша жерді, үйді, қазба байлықты,кәсіпорындарды, сонымен қатар жалгерлердің жеке жұмыс істеуіне қажетті жабдықтардың қай түрін болса да уақытша пайдалануға жалға беру.
Арсенал-соғыс құралдарының,қару жарақтарының үлкен қоймасы, әскери құрал жасайтын жөнелтетін әскери мекеме.
Архив-ескірген документтерді, жазба ескерткіштерді сақтайтын мекеме.
Аукциорхин- (бәсеке,сауда) лат. тіл.,-көпшілік алдында кім бағасын асырса, артық төлем ұсынса, бұйым және т.б зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда.
Аудиенция-(лат.тіл audventia-тыңдау)1)мемлекет басшысының жоғары лауазымды адамның ресми қабылдануы.2)оңаша кеңесу, жекелей сөйлесу.
Баж-өңделетін жерге салынатын салық.
Байкот-мемлекеттермен, ұйыммен немесе жеке адаммен қатынас байланысын үзу.
Балбал- бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.
Басқақ- монғол хандарының жаулап алынған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындаған адамы.
Билік- 1)Сый ретінде билерге берілетін дүние-мүліктің мешіт пайдасына берілетін салық.2)Қазақ халқының дәстүрлі санасында «ел басқару», «өкім ету» сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.
Бизнес-( ағыл.business)- бизнес, табыскерлік.
Болашақ-бүгінгі шындықтың келешектегі қалпымен жайын білдіру үшін қолданылатын ұғым.
Білім-адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректерімен пайымдауларының т/б жиынтығы.
Блок-жалпы мақсатқа жету үшін саяси партияның немесе мемлекеттердің бірлесіп жұмыс істеуі жөніндегі келісім.
Блокада-бір мемлекеттер тобын соғыс, саяси немесе экономикалық жағдайынан басқа елден бөліп тастау, оқшаулау.
Б.Ұ.Ұ- 1945ж 25 сәуірде-26 маусымда Сан-Францискода өткен конференцияда құрылды.мақсаты:халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, қарым-қатынасты дамыту.Экономикалық мәселелерді шешуде халықаралық бірлестікте іске асыру.
Генерал-губернаторлық- бірнеше облыстардан құралған Ресейдің әкәмшілік- территориялық бірлігі.
Геноцид-халықтардың, кейбір топтардың нәсілдік, ұлттық, діни ерекшкліктерін жою, оларды біржола не жартылай кұрту үшін әдейі жағдайлар жасау әрекеттері.
ГУЛАГ-Лагерлер бас басқармасы.
Декларация-(лат.deklaratio) үкіметтің,саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан, сонымен қатар бір немесе бірнеше мемлекеттердің халықаралық саясат мәселелері бойынша жарияланатын саяси ресми мәлімдеме, құжат.
Демократия-(грек demos-халық және kratos-билік) қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі тиімдерінің бірі.
Демократиялық мемлекет- демократиялық принциптерге негізделген мемлекеттің тұрпаты,демократиялық саяси жүйенің ұйытқысы.
Демилитаризация-Қарусыздандыру
Демография- халықтың саны, құқрылымы және динамикасы туралы ғылым
Демографиялық саясат-халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.
Демографиялық дүмпу-халық санының щұғылда қарқынды табиғи өсуі.
Дерек-хабар-ошар.Ғылымдағы ізденіс нәтижесі,табылған мәлімет, оқиғалар дәйегі, ғылыми дәлел.
Деректану-тарихи деректер,олардың ашылуы,зерттелуі және қолданылуының теориясымен практикасы туралы ғылым.
Диктатура-мемлекеттік билікті жүзеге асырудың күш қолдануға негізделген тәсілі.
Дипломатия-мемлекетпен үкімет басшыларының, мемлекеттің сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әркеттері.
Дипломатиялық иммунитет-елшіліктерге, олардың басшыларымен қызметкерлеріне берілетін құқықтық және басқада жеңілдіктер.
Диссертация-Ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғауға даярланған ғылыми еңбек.
Диаспора-өз отанынан алыс елдерде қоныстанған халықтар.
Диуан (дуан)- 1)монғол мемлекетінде атқарушы билік органы; 2)Ресей империясындағы округтік приказдар.
Девальвация- (құнсыздану) лат.тіл.,-имею значение (маңызым бар),стою (тұрарлық іс, тұрамын)-ұлттық валютаның құнсыздануы, ол ұлттық валюта бағамының шетел валюталарына немесе халықаралық ақша өлшемдеріне қарағанда төмендеуінен көрініс табады.
Делимитация- (межелену,шекараны қалыптастыру) лат. тіл.,- басқа мемлекетпен бекітілген келісімге сай мемлекеттік шекараны оның өту жолдарын діл сипаттамасымен анықтау және картаға түсіру.
Демаркация- (жүргізу, өткізу)фр тіл.,-шекараны делимитациалау туралы келісімнің негізінде арнайы шекарклық белгілермен көрсетілген мемлекеттік шекара шебін орнату.
Диверсификация- әртараптандыру;ол жаңа өнімдер рыногтеріндегі қызмет аясының санын ұлғайтуға бағытталған.
Экономикалық қызметті диверсификациялау (әртараптандыру) маркетинг стратегиясының бір түрі, ол өндірісті жан-жақты дамытуға, өндірістің бір-бірімен байланысты емес көптеген түрлерін бір мезгілде дамытуға, өндірілетін бұйымдардың түр-түрін кеңейтуге бағытталған.
Дивиденд (үлесақы, үлеспайда, акциядан түскен табыс) лат.тіл.,-салық төлегеннен соң айырған қаражаттың өндірістің өсуіне, қаржы қорына т.б қажеттілікке жұмсалған кейінгі акционерлік ұйымның қарамағында қалған пайданың акционерлер арасында бөліске түсетін бір бөлігі.
Дотация (жәрдем, демеу қаржы) лат.тіл.,-кәсіпорындарға , ұйымдарға, мекемелерге шығындарының орнын толтыру үшін немесе басқа да мақсаттарға мемлекет беретін жәрдем, үстеме ақы,материалдық көмек.
Депортация-биліктің нұсқауымен жеке адамдардың, халықтардың еріксіз, күшпен жер аударылуы.
Делимитация-мемлекеттік шекараларының қалай өтетінін сипаттап белгіленген шартқа сай картаға түсіріп айқындау.
Диферсификация-іс-әрекет саласының әртүрлілігі жан-жақты даму.
Ескерткіш-елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы.
Жарлық-мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі.
Жаһандану-Ғаламдану,әлемдік ауқымдану,глобализация,жаңа жалпыәлемдік саяси,экономикалық, мәдени жәнеақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Жекешелендіру-меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі.
Желтоқсан көтерілісі-1986 ж 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қаіақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.
Жоғарғы кеңес-Ресей федерациясының құрамына енетін бірқатар республикалардағы заң шығарушы органның (парламеттің) атауы.
Жатақ-кедей егіншілер.
Жұртшылдық-туыс-туғандардың қарызын өтеу үшін әркімнен жиналатын (өз ықтиярына қарай) дәстүрлі көмектің бір түрі.
Жұт- белгілі бір аймақтағы ауа райының аса қолайсыз құбылыстарының салдары, ел басына түсетін табиғи ауыртпалық кесапат.
Жылу- ауыр жағдайға душар болған адамдарға берілетін көмек.
Зекет- мал басынан жиналатын салық. (1/20 бөлігі)
Заң-мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік – құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер.
Инаугурация-мемлекет басшысының мәртебелі лауазымды атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсім.
Интеграция-экон. Субъектілерді біріктіру,олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.
Империя-отарлықө меншіктері бар мемлекет
Ирригация-суландыру.
Ирредента-босатылмаған,азат етілмеген (жер)
Инвестиция-лат. тіл.,- одеваю (киіндіремін, кигіземін), облачаю (жамылдыртамын)- капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестор,лат. тіл.,-вкладчик (сақтық кассасына ақша салып қоюшы)-инвестицияларды жүзеге асырушы, өзінің қарыз қаражатын немесе өзге де сырттан тартылған қаражатты инвеститциялық жобаларға салушы заңды немесе жеке тұлға.
Инжиниринг,лат.тіл.,изобетельность (ойлап тапқыштық, өнер тапқыштық), выдумка (ойлап шығарылған), знания (білім мағлұматы) - 1) Өнеркәсіп обьектілерін құру мәселелерін, нифрақұрылымды т.б пысықтау жөніндегі ең алдымен комерциялық негізде түрлі инженерлік- консультациялық қызметтер көрсету нысанасындағы қызмет саласы.
2)Коммерциялық негізде жүзеге асырылатын қызметтер тұрпаты; өндірісті ұйымдавстырудың техникалық және экономикалық мүмкіндіктерін бағалау; жабдықты және осы жабдық орналастырылатын үй-жайларды жобалау;тәжірибелік үлгілердің сызбаларын дайындау; құрылысты қадағалау;өндірісті техникалық жағынан басқаруға көмектесу; қызметкерлерді оқыту; жабдықтарды пайдалану жөнінде ақыл-кеңес беру; технологиялық үрдістерді оңтайландыру; өнім өткізуді ұйымдастыру т.б.
Инновация,лат.тіл.,обновление (жаңарту, жаңару), изменение (өзгерту) ұйымдастырудың, басқарудың және қаржыландырудың жаңа нысаналарын пайдалануға негізделген қызмет.
Ипотека, грек.тіл.,залог (кепіл) –жылжымайтын мүліктерді (негізінен жерді, құрылыстарды,ғимараттарды) кепілге салу шартымен берілетін ақшалай несие.
Инфляция,лат.тіл., вздутье (қабару,қампаю,мыс: бағаның көтерілуі),чрезмерный (тым шектен шығарушылық)-айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни оның сатып алу қабілетінің құлдырауы, бұл құнсыздану барлық тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінен болады.
Интеллигенция-қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ.
Идея-идея, ой сана, пікір, адам ойының материалдық дүниені бейнелеу жемісі.
Идеолог-бір топтың немесе қоғамдық топтың идеологиясын таратушы, әрі қозғаушы.
Идеология-қоғамдағы топтармен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси, провалық,философиялық, моральдық, діни этикалық, эстетикалық көзқарастардың жиынтығы.
Карлаг-Қарағанды лагерьлер басқармасы.
Коллоквиум-оқушылардың білімін, ғылымға,әдебиетке,өнерге т/б ынтасын анықтау мақсатында оқытушының оқушылармен арнайы әңгімелесуі.
Компания-заңды және жеке тұлғалардың сауда,өнеркәсіп, көлік сақтандыру немесе басқа нысандардағы бірлестігі.
Конституциялық кеңес-конституциялық бақылаудың жүзеге асыратын ерекше сот органы.
Конституциялық сот-бірқатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган.
Консул-басқа мемлекетте белгілі бір міндеттерді орындау үшін тұрақты өкіл ретінде тағайындалған лауазымды адам.
Контрибуция-мемлекеттермен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, әлдебір ұйымдар мүшелерінің, ғылымдарының жиналысы, мәжілісі.
Концессия- мемлекеттің немесе муниципалиттердің меншігіндегі табиғат байлығы, кәсіпорындарды т.б шаруашылық нысандарын белгілі бір шартпен пайдалану үшін жасалатын келісім.
Компрадор- отар елдердің империя буржуазиясымен тығыз байланысты болған жергілікті буржуазиясы
Картель-қағаз, документ.
Күпшүр- мал басынан жиналатын салық.
Квота (үлес,бөлік) лат.тіл.,-1)ортақ істен қатысушылардың әрқайсысына тиесілі үлес, бөлік, жарна, пай; 2)белгілі бір мерзімде өндіруді, сатуды, тұтынудың экспорт пен импортты сан жағынан шектеу; 3)шектеу шаралары квоталау деп аталады.
Коалиция, лат.тіл.,- ортақ мақсаттағы мемлекеттердің одағы немесе партиялардың жасаған бірлестігі.
Кодекс (кітап) лат. тіл.,- заңның бір саласына қатысты жүйеленген заң ережесі.
Коммерция (сауда) лат.тіл.,-саудалық-делдалдық қызмет;саудаға қатысу не болмаса тауар мен қызмет көрсетуге көмектесу; кең мағынасында кәсіпкерлік іс-әрекет
Коммюнике,фр.тіл.,- баспасөзде жарияланатын ресми хабар.
Конвенсия, лат.тіл.,- арнаулы мәселе бойынша халықаралық келісім.
Консорциум (бірлестік) лат. тіл.,- заемді бірлесіп орналастыру, үлкен мақсатты бағдарламаларды, жобаларды іске асыру, қаржы-несие, коммерсия операцияларын жүргізу, өнім-өндірісін ұлғайту үшін уақытша өз еркімен бірлескен бірнеше банк немесе кәсіпорын арасындағы келісім.
Конституция,лат.тіл.,- қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негізін мемлекеттік органдардың жүйесін, олардың құрылуын және қызметін, адамдардың құқықтары мен міндеттерін анықтап беретін мемлекеттің негізгі заңы.
Концепция, лат.тіл.,- белгілі құбылыстар жайындағы көзқарастар жүйесі, бір мәселе жөніндегі негізгі пікір.
Концессия (келісім-шарт) лат.тіл.,- мемлекеттің не жергілікті әкімшілік органдардың меншік өндіріс орындарын, пайдалы кендерді, құрылыс салу және басқа да шаруашылық обьектілерін пайдалану үшін арнаулы мерзімге шетелдік фирмаларға не болмаса жеке тұлғаларға жалға беру шарты.Мемлекет келісім уақыты біткеннен кейін халықаралық заңға сәйкес концессия жұмысын тоқтатуы мүмкін.
Кредит,лат.тіл.,ссуда (қарыз),долг(қарыз,борыш), верить (илану), доверять (сеніп тапсыру)-тауарлармен ақшалай қаражатты белгілі бір мерзімге, әдетте пайыз төленетін борышқа беру.
Коммендация-жеке басын қорғағаны үшін феодалдың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқаруы.
Конгресс-халықтық сипаттағы кеңес, съезд.
Конверция-соғыс өнімдерін шығаратын кәсіп орындарды бейбіт заттар өндірісіне айналдыру.
«Қара шығын»- 1868жылы «Уақытша ережелер» қабылданғаннан кейін қазақтардан күштеп жиналған жанама салық.
Құжат-материал негізінде дәлме-дәл жазып алынған, бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақиқат.
Қолданбалы (нақты) деректану- әр түрлі тарихи кезеңдерге тән нақты деректерді тану.
Құрылтай-халықтық мәселелер қаралатын, көп адам қатысатын үлкен жиналыс.
Лизинг,ағыл.,аренда, имущественный наем (мүлікті жалдау)- жабдықты, машиналарды,өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға беру.
Меритократия- аса дарындылығын, ерекше қасиеттерін ескере отырып хан сайлау принципі.
Маркетинг,ағыл.,рынок (нарық), сбыт (өтім);нем.,реализация (іске асыру) ,сбыт (өтім)-өндірісті басқаруға және өнімді өткізуге кешенді көзқарас, ол өндірілетін тауарлар өткізімін ұлғайту мақсатымен нарық талаптарын ескеруге және тұтынушылар сұранымына белсенді түрде ықпал етуге бағдарланған.
Маргинал-қалыптасқан әлеуметтік шеңберде, тұрақты әлеуметтік институттарда жікке, топқа жату белгілерін жоғалтқан, олардың арасындағы жеке жағдайдағы адамдар.
Мобилизация-(лат. mobilis)- әскери міндетті адамдарды жаппай әскери қызметке шақыру ісі, жұртты белгілі бір іске жұмылдыру әрекеті.
Менеджмент-өндірісті және қызметкерлерді басқару қағидаттарының, нысандарының, әдістерінің тәсілдері мен құралдарының жиынтығы, онда басқару ғылымының соңғы жетістіктері қолданылады.
Мердігерлік (подряд)- бір жақ (мердігер) екінші жақтың (тапсырма берушінің) тапсырмасы бойынша оның немесе өзінің материалдарын пайдаланып, белгілі бір жұмысты келісілген еңбекақы бойынша орындауға міндеттенетін, ал тапсырыс беруші атқарылған жұмысты қабылдап, келісілген ақысын төлеуге міндеттенетін шарт. Бұл шаруашылықты, жұмысты жүргізудің үдемелі әдісі.
Монополия (дара,жеке иелік) грек.тіл –бір адамға , бір адамдар тобына немесе мемлекетке тиесілі өндірудің, сауда жасаудың, кәсіп қылудың,қызмет көрсетудің т.б айрықша құқығы.
Мемлекеттік мұрағат-ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық беретін мекеме (Қ.Р заңы)
НАТО-саяси одақ 1949 жылдың сәуірінде құрылған.ОЛжылы Европаның 10 елі кірді
Оралман-шетелдерден өз елдеріне оралған адамдар.
Округ-патша үкіметінің 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» бойынша Орта жүзде енгізілген әкімшілік-территориялық бөлігі.
Округтік приказ-1822ж. «Жарғы» бойынша құрылған әскери- әкімшілік басқару мекемесі.
Республика-мемлекет басқару формасының бір түрі.
Реформа, фр.тіл.-жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер жасау.
Репатриация-отанға оралу, қайтып келу.
Референдум-мемлекеттік құқықта сайлаушылар корпусының конститутциялық, заңдық және басқа ішкі сыртқы мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдауы.
Саясат-қоғамдық топтардың өз мүдделері үшін күресінде көздеген мақсаттарымен міндеттері.
Степлаг-далалық лагерьлер басқармасы.
Патронимия-бір атадан (рудан) тараған адамдар тобы.
Протекторат-1)отаршылық өктемдіктің түрі;мемлекеттіліктің сыртқы белгілерінің сақталып қалуы.2)тең құқықсыз шарт нәтижесінде белгіленетін және қамқоршы протектор мемлекетке толық бағыныштылық жағдайда тәуелді елде мемлкеттіліктің сыртқы белгілерді ғана сақталуымен сипатталатын бүркемеленген үстемдік нышаны.
Тендер (саудаласу) ағыл.,бәсекелестер қойған бағаларды ескере отырып тауар өндірушінің ұсынған тауар бағасы.
Тоталитаризхм, лат.тіл.,- қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық-бюрократиялық мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылым.
Унитарлық мемлекет- территориясы федерактивтік бөліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың түрі.
Холдинг (холдинг-серіктестік)-басқа кәсіпорындардың, бірлестіктердің акция пакеттерін иемденіп, олардың жұмысына бақылау жасап басқаратын серіктестік, корпарация.
Эвакуация, лат.тіл-адамдарды,мекемелерді,кәсіпорындарды ұйымдасқан түрде көшіру.
Этнография-(грек.etnos- народ, grapho-пишу)-әлем халықтарының құрамын, шығу тегін, қоныстануын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.
1.Кіріспе. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының міндеттері мен мақсаты, негізгі мәселелері
2.ҚР-да тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, тарих ғылымдарының алдындағы міндеттер туралы
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы – 1 дүние жүзілік соғыс кезеңінен бастап Қазақстанның калыптасуын, дамуын, осы кезеңдегі Қазақстанның Отандык тарихтағы орнын және тарихи окиғаларды объективті түрде накты деректер негізінде карастырады. Курс теориялык біліммен қатар практикалық дағдылар беруге де міндет етіп, студенттердің тіл деректерін накты танып, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіруді мақсат ете отырып, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдеуіне де назар аударады.
Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтык пен отаншылдыкты тәрбиелеу. Мамандыққа катысты курстың міндеттері:
Согыстан кейінгі Қазакстанның әлеуметтік - экономикалық дамуын көрсету.
-19 60-70 жж. Казакстанның даму деңгейін сипаттау.
-1970-80 жж. токырау жылдарындағы саяси экономикалық дамудын ерекшеліктерін айкындау.
-Осы кездегі мемлекет басшыларының саяси портретін көрсету.
Тәуелсіз Казакстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсету.
«Қазакстан - 2030» стратегиялык бағдарламасын оқып үйрену.
Қазақстан тарихының негізгі мәселелері бойынша тарихнама және дерекнама мәселелеріне шолу.
-КР - ның мемлекеттік реміздерін. тарихи фактлермен тарихи кұбылыстардың өзара байланысын ашып,тарихиокиғаларды салыстыру аркылы тарихи түсініктердің мәнін Ашу және оған талдау жасау;
-әртурлі деректерден накты акпаратттарды ала білу;
-аныктамалык және ғылымиәдебиеттермен, тарихи кұжаттармен және монографиялармен жұмыс icтey;
-алған теориялык 6ілімдерін ic жүзінде жүзеге асыра алу;