Ведомство- нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдің бір саласын немесе аясын басқаратын және мемлекеттік басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме.
Геноцид- халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.
Государственная дума- заң шығарушы жоғары өкілетті орган.
Губерния- облыстық ауқымдағы әкімшілік аймақ.
Декларация- мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялармен халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.
Декрет-мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты.
Делегация- мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі.
Депортация-халықтың тарихи мекендеген жерлерінен қуу.Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
Ереуіл- жұмысшылар мен қызметшілер ұжымының өздерінің экономикалық және саяси талаптарын қанағаттандырғанға дейін жұмысты тоқтату, еңбек дауларын реттеудің бір әдісі.
Жұт- қыс қатты болған жылдары аштықтпн,суықтан малдың қырылуы.
Коммендация- жеке басын қорғағаны үшін феодалдардың әміршіге әскери қызмет немес басқа да жұмыстар атұаруы.
Мемлекеттік Дума-Ресейдің 1906-1917 жылдарындағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы.