15 тақырып. Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы бағыты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты



бет1/4
Дата13.01.2022
өлшемі87,55 Kb.
#111624
  1   2   3   4
Байланысты:
Қаратай Данагүл 109 топ .тарих 15 апта
33 1-SOCh 1178 aza 1179 1241 debieti 6kl

Қаратай Данагүл

Екі шет тілі, 109 топ

15 тақырып. Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны.

1.Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы бағыты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.

Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.


Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. "
Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты.
Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет