2.Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы және егемендігі.
Қауіпсіздік мəселесі мемлекеттің өзекті мəселелерінің бірі болып саналады. Ол халықаралық саясаттың кез келген мəселесімен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта əр елдің даму барысында халықаралық саясаттың қауіпсіздік саласындағы көптеген өзекті мəселелері алдыңғы орынға шығуда. Мəселен, лаңкестік, діни экстремизм, ымырасыз сепаратизм секілді қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Сонымен бірге заңсыз есірткі жəне қару-жарақ саудасы, заңсыз көші-қон, адам саудасы жəне ұйымдасқан қылмыс та ұлттық қауіпсіздіктің басты мəселелеріне айналды.
Соңғы кездердегі қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттерді бірлесе қарсы тұруға итермелейді. Осыған орай, ортақ мəселелерді шешу жолындағы интеграциялық үдерістерді кеңейту жəне əлемдік қоғамдастықтың ісəрекетін үйлестіру мақсатында мемлекеттер өздеріне ерікті түрде міндеттемелер алып, өздерінің кейбір қызметтері мен өкілеттіктерін ұлттық биліктен жоғары деңгейде əрекет жасайтын халықаралық ұйымдарға беруі заман талабына сай келеді. Əр елдің өз дамуына негізделген ұлттық саясаты айқындалады. Ұлттық саясаттың басты ұстанымы – ұлттық құндылықтар негiзiнде əр ел өзiнiң экономикалық, саяси, рухани тəуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жəне аумақтың бiртұтастығын мəңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының əлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға негіздейді. Сондай елдердің қатарына Қазақстан Республикасы да ұмтылуда.
Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық алаңда тұрақтылықтың негізін қалаушы елдердің бірі десе болады. Ол халықаралық қатынас- тар жүйесінде өзекті əлемдік жəне аймақтық мəселелерді шешуге, жаңа əлемдік тəртіпті құру ісіне белсенді түрде араласуда. Өзімен іргелес жатқан елдермен шекара мəселелерін толыққанды айқындаудың негізінде оны халықаралық шарттармен бекітіп, көршілес жəне əлемнің жетекші елдерімен достық жəне өзара пайдалы ынтымақтастық қатынастарын орнатты. Соңғы кездегі мəлімет бойынша Қазақстан Республикасы 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынасын нығайтты.
Достарыңызбен бөлісу: |