4.Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел — Ресей, Беларусь, Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.
Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
5.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» кітабы. Соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамалар.
Н.Назарбаевтың кітабында қазіргі заманғы жаһандану үдерісіндегі энергоэкологиялық мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.
Басылымның алғы сөзінде «Қазақстан Республикасының алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы – оның бұған дейінгі жарық көрген «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңартудың стратегиясы және өркениетті әріптестік» атты еңбегіндегі дүние жүзі мен ЕурАзЭҚ елдерінің жаһандық энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін дамыту мәселелерін теориялық әрі методологиялық зерттеу циклының қорытындысы болып табылады» деп жазылған.
Кітаптың кіріспесінде «Қазір әлем дүниежүзілік энергетикалық қауіпсіздікке төнген жаңа қауіппен бетпе-бет келіп отыр. Алдағы уақытта әлемді тығырыққа тірейтін жаңа оқиғаларды туындатуы мүмкін шикізат қоры үшін күрес күшейе түседі», - деген Н.Назарбаев, - «Тек энергияны теңгерімді пайдаланудың бірлескен жолын даярлағанда ғана әлемдік қауымдастық жаһандық экологиялық қауіпсіздік негізін құра алады» дегенді баса айтады.
Қазақстан Президенті монографиядағы айтылған идеялармен таныстыра отырып «Бұл кітапта жаңа энергетика ұйымы мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің «экономика–энергетика–экология» тепе-теңдігіндегі сәйкессіздікті төмендету мүмкіндігі көрсетілген. Осыған орай, Қазақстан және ЕурАзЭҚ-тың өзге елдері бұл сценарийдің жүзеге асуын көрсете алады», - дейді.
Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингі” АҚ-ы басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов, қоғам қайраткерлері, ЖОО мен шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, шараға ресейлік ғалымдар – Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Олег Кузнецов, ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелері стратегиялық зерттеу Институтының директоры, РЖҒА академигі Анатолий Спицын, РЖҒА академигі Николай Гаранькин қатысып, кітап тұсаукесеріне арнайы даярланған баяндамаларын оқыды.
Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауға тиіс. Бұл құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек.
Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.
Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек. Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша осы кешенді негізде түзу керек.
Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу. Бұл бағыттағы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл - әзірше әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |