15 тақырып. Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы бағыты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты


Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет



бет3/4
Дата13.01.2022
өлшемі87,55 Kb.
#111624
1   2   3   4
Байланысты:
Қаратай Данагүл 109 топ .тарих 15 апта
33 1-SOCh 1178 aza 1179 1241 debieti 6kl
3.Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет.

1992 жылға дейін ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық екі жақты қатынастағы сипатта болды. 1992 жылдан бастап Ұйым қызметі жаңа жеті мемлекеттің Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан, Қырғызстан және Өзбекстанның қосылуына байланысты белсенді түрде дамыды. Қазақстанның ЭЫҰ-на ресми түрде қабылдануы 1992 жылы 28 қарашада Исламабад қаласында Ұйымның сыртқы істер Министрлері төтенше Кеңесінің отырысында толық мүшесі болып сайланды. Бұл күн ресми түрде ЭЫҰ күні болып есептеледі. Ағылшын тілі ЭЫҰ ресми тілі болып саналады. Бүгінгі күні ЭЫҰ мемлекеттерінің 7 млн. шаршы километр жерді алып жатқан халқының саны 380 млн. адамнан асып жығылатын, ЭЫҰ экономикалық күш-қуатының мол екендігіне көзімізді жеткізеді. ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық, ұйым мемлекеттерінің әріптестік және өзара түсіністік сонымен бірге, тәуелсіздігі тепе-теңдік принципінде негізделген. ЭЫҰ негізгі міндеті аймақтың экономикалық дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, ішкі аймақтық қатынасты өзара ынтымақтасты түрде қарқынын күшейте отыру арқылы әлеуметтік-мәдени ғылыми-техникалық салаларды дамыту соның ішінде аймақтағы елді әлемдік жүйе бойынша интеграциялау болып табылады. ЭЫҰ аймағы сауда-экономикалық және мәдени – ғылыми саласында ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндігі мол. Ұйымның халықаралық беделі ұлғаюда. Осымен бірге ЭЫҰ әлі де болса, өз мүмкіндіктерін игеру мақсатында біраз қиыншылықтарға да тап болып жатады. Өткен жылдары ұйымға - мүше мемлекеттер аймақтық қатынасты дамыту үшін біраз жұмыстар атқарды. Жалпы мәдени және тарихи ұқсастықтан басқа мүше – мемлекеттер елеулі инфракструктураларды падаланысқа жіберіп және іскерлік байланысты орната білді. ЭЫҰ бірнеше жобаны бастамшылықтың ынтымақтастық энергетика, сауда, транспорт, ауыл шаруашылығы және есірткімен күрес саласына қойып отыр. Ұйымның негізгі экономикалық параметрлік қызметін екі жылда бір рет өткізетін ЭЫҰ мемлекеттер басшыларының саммитінде белгіленеді. Кездесуде ЭЫҰ саяси стратегиялық шартын қарастырады. Аталған кездесулер әр саладағы проблемалар бойынша аймақтық сипатта немесе жаһандық маңызда пікір алмасу болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет